Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мерзімді баспасөзінің тақырыптық ерекшеліктері
Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 550
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-64-74Кілт сөздер:
Газет, журнал, медиакеңістік, медиаменеджмент, медианарық, редакторАңдатпа
Автор мақалада тәуелсіздік жылдарында жарық көрген баспасөз тарихына қатысты ғылыми еңбектерге, жинақтар мен энциклопедияларға шолу жасайды. Баспасөз тарихын зерттеудің маңызыдылығына тоқтала отырып, «Ақ босаға» мен «Түркістан» газеттерінің тақырыптық, проблемалық ерекшеліктерін айқындайды. Автор газет беттерінде жарық көрген бірқатар өзекті мәселелерге арналған танымдық, проблемалық мақала мен сұқбаттарға тоқталады. Сондай-ақ тақырып таңдаудағы екі газеттің мазмұнын қарастырады. Басылым көтерген мәселенің маңызын ашып көрсетеді, журналист көтерген тақырыптың шешім табу нәтижелерін көрсетеді. Осы мысалдар арқылы баспасөздің қоғамдағы пәрменділігін атап өтеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарық көрген баспасөздің нарық талаптарына төтеп беріп, тұрақты оқырман аудиториясын қалыптастыру әдістеріне тоқталады. «Ақ босаға» газетінің «Қолаң шаш» сайысын ең ұтымды деп таныса, «Түркістан» газетіндегі қандастар мәселесіне арналған «Атажұрт» қосымшасында жарық көрген мақалаларға талдау жасайды.
Автор екі басылым редакторларының менеджерлік қызметіне мысалдар келтіре отырып, бүгінгі медиа саласындағы менеджменттің маңыздылығына тоқталады. Сондай-ақ қазіргі басылымдарға олардың тәжірибесінен бірнеше мысалдарды үлгі ретінде ұсынады.