Қазақ медиасындағы ғылыми контенттердің фреймделуі және ғылымды дәріптеу мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-83-97

Кілт сөздер:

ғылыми коммуникация, фрейминг, контент-талдау, ғылыми журналистика, сыни дискурс-талдау

Аңдатпа

Мақала қазақ медиасында ғылым тақырыбы қалай дәріптеліп жатқанын, ғылыми жаңалықтардың медиа репрезентациясын және оның қоғамдағы ғылыми сауатқа әсерін анықтауға бағытталды. Зерттеу жұмысы сыни дискурс-талдау, фрейминг және контент-талдау комбинациясы бойынша жасалды. Эмпирикалық дереккөз ретінде 2020-2025 жылдар аралығында тәуелсіз және мемлекеттік онлайн басылымдарда жарық көрген 72 медиаконтент іріктеліп алынды. Зерттеуде ғылыми жаңалықтардың медиадискурстағы тіл құралдары мен нарративтерін, мәтіндердің ғылыми деңгейін, контенттегі пікір балансының сақталуын анықтау да ескерілді.

Талдаунәтижесіндеғылымтақырыбындағыконтенттіңнегізгідереккөзі ретінде мемлекеттік органдардың үлесі едәуір басым болып шықты. Медиамәтіндердің 75%-дан астамы позитив тонда берілген. Ғылыми зерттеу жүргізген ғалымның түсіндірмесі немесе ғылыми ортадағы бағасы материалда кездесе бермейді. Балама пікір, ғылыми жаңалықтың ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат сирек қамтылғаны айғақталды. Бұл Қазақстан ғылымы туралы сыңаржақ пікір қалыптастыруға, оны көбіне «ұлттық мақтаныш», «жетістік» фреймдерімен шектеуге себеп болып отыр.

Жүргізілген зерттеу қазақ медиасында ғылымикоммуникациясаясатын қайта қараудың маңызын ашуға негіз болды. Cондай-ақ редакциялар мен ғылыми орта арасындағы байланысты дамытудың, ғылымды қоғамға түсіндіретін кәсіби бағыт ретінде жолға қоюдың қажеттілігін айғақтады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қабылғазина K. ., Қыдырханова, А., & Дуйшекеева A. . (2026). Қазақ медиасындағы ғылыми контенттердің фреймделуі және ғылымды дәріптеу мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 83–97. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-83-97

Журналдың саны

Бөлім

Статьи