Жасанды интеллект жүйелеріндегі қазақ тілі: мәдени контекст және цифрлық даму мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-64-82

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, машина аудармасы, тіл корпусы, мәдени контекст, медиатизация

Аңдатпа

Зерттеу мақаласында жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілі мен ұлт мәдениетін дамытуға ықпалы талданды. Қазақ тіліндегі ЖИ жүйелерінің грамматикалық, семантикалық және мәдени сапасына баға берілді. Сауалнама, салыстырмалы аударма және мәтіндік талдау нәтижелері ЖИ жүйелерінде қазақ тіліндегі деректер қорының жеткіліксіздігін көрсетті. Қарастырылған аудармаларда тілдік сәйкессіздіктер мен мәде-ни контекстің ішінара жоғалуы байқалды.

Методологиялық тұрғыда зерттеу жұмысы Стиг Хьярвард (Stig Hjarvard) пен Андреас Хепптің (Andreas Hepp) медиатизация, Элиху Кац (Elihu Katz) және Джей Блумлердің (Jay G. Blumler) пайдалану, қанағаттану теорияларына сүйенеді. Аталған теориялар ЖИ жүйелерін қазіргі медиамәдени кеңістіктің маңызды бөлігі ретінде қарастырып, тілдің цифрлық ортадағы рөлін түсіндіруге мүмкіндік береді. Қанағаттану теориясы ЖИ технологияларының қоғамдық ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы орнын көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері негізінде авторлар қазақ тілін цифрлық ортада дамыту үшін ұлттық тіл корпустарын кеңейтуді, ІТ және лингвистика салаларының өзара байланысын нығайтуды, білім беру жүйесінде цифрлық тіл мәдениеті пәндерін енгізуді ұсынады. Бұл бағыттар жүзеге асқан жағдайда қазақ тілі тек ұлттық мұра емес, сонымен қатар заманауи технологияларда дамитын, бәсекеге қабілетті тілге айналатыны туралы тұжы-рым жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есенбекοва Ұ., Стамбекова, Н., & Егембердиев, Ы. (2026). Жасанды интеллект жүйелеріндегі қазақ тілі: мәдени контекст және цифрлық даму мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 64–82. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-64-82

Журналдың саны

Бөлім

Статьи