Медиакоммуникация саласындағы білім беру бағдарламаларының ЖИ транс- формациясы жағдайына бейімделуі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-28-47Кілт сөздер:
жасанды интеллект, ЖИ құзыреттері, цифрлық коммуникациялар, білім беру бағдарламалары, маркетингтік коммуникациялар, кәсіби құзыреттер, «адам– ЖИ» симбиозыАңдатпа
Медиакоммуникация индустриясының цифрлық трансформациясы жасан-ды интеллект технологияларының жедел таралуымен қатар жүріп, жарнама, қоғаммен байланыс, маркетинг және брендинг салаларындағы мамандардың кәсіби қызметінің мазмұнын өзгертуде. Зерттеудің өзектілігі жасанды интеллектіні кәсіби практикаға енгізу қарқыны мен білім беру бағдарламаларын бейімдеу жылдамдығы арасындағы алшақтықпен байланысты. Зерттеудің мақсаты коммуникациялар саласындағы маман-дардың кәсіби құзыреттерін трансформациялау бағыттарын айқындау және жасанды интеллектіні білім беру бағдарламаларына интеграциялау тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін сценарийлік талдау, жасанды интеллект құралдарын коммуникациялық процестің кезеңдері бойынша жүйелеу, ғылыми жари-яланымдар мен білім беру тәжірибелерін талдау, сондай-ақ кәсіби қызметке қойыла-тын талаптарды салыстырмалы талдау құрады. Технологиялық, аналитикалық-стра-тегиялық және креативтік-этикалық құзыреттерді біріктіретін кәсіби құзыреттіліктің үшконтурлы моделі әзірленді. Кәсіби даярлықтың тұрақтылығы маманның жасанды интеллектімен тиімді өзара әрекеттесуіне және оның нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалай алуына байланысты екені көрсетілді. Жасанды интеллект сауаттылығын, қолдан-балы, аналитикалық, стратегиялық және этикалық құзыреттерді кезең-кезеңімен қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беру даярлығының архитектурасы ұсынылды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді коммуникациялар сала-сындағы білім беру бағдарламаларын жобалау және жаңарту барысында қолдану мүм-кіндігімен айқындалады.



