Әлемдік саяси көшбасшылардың имиджін қалыптастырудағы PR-технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 826
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-121-127Кілт сөздер:
PR технологиялар, саяси көшбасшылар, әлемдік тұлғалар, имиджАңдатпа
Мақалада әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың, соның ішінде АҚШ бұрынғы президенттері Барак Обама, Дональд Трамп және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әлем алдына имидж қалыптастыруда PR-технологияларды қолдану шеберлігі, PR-технологияларды пайдаланудың маңызына назар аударылады. БАҚ, әлеуметтік желі, интернет-ресурстардың саяси көшбасшылардың имидждін жасап, халық алдындағы абыройын асқақтатадуғы рөлі кең ашылады.
Зерттеу мақаланың мақсаты – саяси көшбасылардың имидждін қалыптастаруда имиджмейкерлер мен политехнологтардың PR-технологияларды пайдалану ерекшеліктерін көрсету, олардың ықпалына айырықша де қою, заман талаптарына сай PR-технологиялардың тиімділігін анықтау, болашақ имидж қалыптастырушы мамандарға PR-технологиялардың маңызын түсіндіру.
Зерттеу барысында саясат сахнасындағы тұлғалардың имидж қалыптастыруда PR-технологияларды қолдану нәтижелі іс екені, оның арнайы жоспар құру арқылы жүзеге асырылатыны анықталды. PR мамандары көшбасшы имидждін қалыптастырудың қыр-сырына қанығып, болашақта PR-технологияларды шебер пайдаланса, тиімді нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен қатар, мақалада аталған саяси тұлғалардың, әсіресе, сайлауалды кампанияларды жүргізу барысында PR-технологияларды орнымен пайдаға асырғанын мысалға келтіре отырып, халық арасында көшбасшы имидждін жасау сайлауда көп дауысқа ие болуда маңызды рөл атқаратыны айтылады.