Арт-журналистика: әлеуметтік-мәдени парадигмадағы кино өнері
Қаралымдар: 218 / PDF жүктеулері: 591
Кілт сөздер:
арт-журналистика, кино өнері, киноөндірісі, жаңа медиа, салалық журналистика, ақпарат, фильм, теледидарАңдатпа
Мақалада бүгінгі журналистика дамуындағы жаңа бағыттардың бірі – арт-журналистика және осы бағыт аясында ақпараттарды берудегі «кино журналистика», кино өнерінің орны мен дамуы жайлы айтылады. Бүгінгі киноөнімдері тек кинотеатрларда ғана емес, теледидар, планшет, интернет арқылы қолжетімді. Сондықтан заманауи кино өндірісінің дамуы мен кино жанрын зерттеудегі түрлі әдістер, кино өнерінің әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі қызметі тұрғысынан қарастыру маңызды. Әрі қазіргі заманғы технологиялардың киноөндірісіне ықпалы өзекті мәселе ретінде танылады. Жалпы қоғамда адамның ішкі рухани сұранысы мен талғамына ешкім шек қоя алмайды. Сол сұраныс өскен сайын телеөнер туындыларын деген талаптар мен міндеттер де күшейеді. Талапқа сай болу жағдайына орай телевизия техникалары да дамып жатыр. Жалпы телевизия тарихын кино өнерінен бөліп қарастыру мүмкін емес болғандықтан «кино журналистикасын» теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырудың қажеттілігі зор. Демек, салалық журналистиканың бір бағыты ретіндегі арт-журналистиканың дамуы,киноөнерін дамытудағы ақпараттармен жұмыстыңтеориялық негіздерін білу қажеттілік. Кино мен теледидардағы сөйлеу қоғамдағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыратыны белгілі, сондықтан кино, театр және жаңа медиа мүмкіндіктерінің қолданысына назар аудару мен экран мәдениетін кешенді оқытудың жолдарын қарастыру практикалық тұрғыдан маңызды болмақ.
