«Жетісу» газетінің тарихи даму кезеңдері және заманауи медиа-кеңістіктегі орны
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Жетісу, қазақ, газет, халық, орган, ақпарат, идеологияАңдатпа
Бірінші дүниежүзілік соғыстан әбден қалжыраған қазақ даласы алмағайып заманның қанды шеңгелінде қалды. Байлар мен большевиктер қақтығысы жан-жақтан қысып, онсыз да сарсаң болған жұртты босытып жіберуге шақ қалды. Міне дәл осы тұста әр қазақтың саяси сауатын ашып, әлеуметтік көмек көрсететін, күнделікті өмірде болып жатқан ақпаратпен құлақтандыратын қолдау ауадай қажет болды. Осыған орай 1918 жылы Верный қаласында әскери төңкерісшіл комитет құрылып, большевиктердің жаңа идеологиясын арнайы басылым бетінде насихаттауды мықтап қолға алды. Нәтижесінде «Жетісу ісші халық мұхбыры» деп аталатын газет өмірге келіп, бүгінде Жетісу облысы әкімшілігінің органы ретінде қазақ даласына ақпараттық қолдау көрсететін «Жетісу» газетінің тарихи іргетасына айналды. Қарапайым халық арасында үгіт-насихат жүргізудің тамаша құралына айналған және осы миссияны бұлжытпай өз мақсатына жеткізе білген ғасырлық басылымның тарихи орны бөлек. Сондықтан да бұл ғылыми мақаламызда аталған БАҚ-тың өткені мен бүгініне тоқталып, қазақ қоғамындағы орнын айшықтайтын боламыз. Сонымен қатар, ата газеттің саяси сахнадағы беделі мен айшықты қадамдарына зерттеу жасауды жөн санадық.




