Бала тілінің дамуына теледидар мен гаджеттердің әсері: әлеуметтік зерттеу


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

Кілт сөздер:

теледидар, телебағдарлама, тілдік норма, тілдік ауытқу, балалар тілі, көптілділік

Аңдатпа

Бұл мақалада теледидардың балалардың тілдік дамуына әсері қарастырылады және телебағдарламаларда кездесетін тілдің кемшіліктері талданады. Негізгі мәселелерді анықтау мақсатында авторлар Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын кең көлемді сауалнама жүргізіп, оның нәтижелеріне талдау жасады. Респонденттердің жауаптарына сүйене отырып, зерттеу барысында тіл дамуындағы басты қиындықтар анықталып, ғылыми көзқарастарға негізделген қорытындылар жасалды. Сауалнама барысында балаларға арналған телебағдарламалардың балалар тілінің дамуына ықпалы, қазақ тілінде сөйлеу деңгейі, медиа тілі мен тілдік нормалардың сәйкестігі, балалар сөйлеуіндегі жиі кездесетін тілдік ауытқулар мен экран алдында өткізілетін уақыт көлемі қарастырылды. Зерттеу нәтижелері теледидар мен интернет медианың ықпалында өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында тілдік нормаларды сақтау мен қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тұлға тәрбиелеуге бағытталған тетіктерді жетілдіру қажеттігін көрсетті. Сауалнамаға барлығы 622 адам қатысты. Жиналған деректерге жүргізілген социолингвистикалық талдау балалар тіліндегі лексикалық ауытқулардың динамикасын саралауға мүмкіндік берді. Әр түрлі демографиялық және географиялық аймақтарды қамтыған бұл зерттеу, әсіресе теледидарға тәуелділік секілді әлеуметтік факторлардың тілдегі лексикалық өзгерістерге қалай әсер ететінін көрсетті. Қазақ тілінің (ана тілінің) негізін қалыптастыруда ата-ананың шешуші рөл атқаратыны, сондай-ақ балалардың тіл нормасына сай сөйлеуіне қоршаған ортаның, әсіресе теледидардың ықпалы айқындалды. Сауалнама қазақ тілінде жүргізілді және ашық жауап нысанын қамтыды. Деректер үш ай көлемінде жиналды. Мақалада теледидар мен гаджеттердің балалар тілінің дамуына әсері талданып, мәдени-тілдік бағыттағы қоғамдық бастамаларды іске асыруға арналған ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраймова, Л., Молдағали, Б. ., & Данаева, Н. (2025). Бала тілінің дамуына теледидар мен гаджеттердің әсері: әлеуметтік зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 152(3), 169–184. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/800

Журналдың саны

Бөлім

Статьи