Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибесі («Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттарының негізінде)


Қаралымдар: 207 / PDF жүктеулері: 116

Авторлар

  • Ғ.М. Ақсейіт Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.К. Кабдугалиев Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-47-55

Кілт сөздер:

жалған ақпараттар (fake news), фактчек, «Factcheck.kz», «Stopfake.kz», әлеуметтік медиа, үгіт-насихат, манипуляция

Аңдатпа

Ғылыми мақалада әлемдік деңгейде ақпараттың таралу ауқымы мен жылдамдығына байланысты пайда болған қатерлердің бірі – жалған ақпарат (fake news) туралы түсініктер мен анықтамаларға, ол туралы соңғы кездегі зерттеулер мен ізденістерге  шолу жасалады. Жалған ақпараттар туралы жазылған ғылыми еңбектерге сүйене отырып, Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибелері «Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттары мысалында талданады.  Соңғы онжылдықта  әлемдегі ақпараттық соғысты жүзеге асырудың құралына айналған жалған ақпараттармен (fake news) күрестің әдіс-тәсілдері баяндалады. Жалған ақпараттармен күресуді мақсат еткен «Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттарында жарияланған мақалаларға талдау жасалып, тиімділігі мен пәрменділігіне баға беріледі.

«Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттарының мысалында еліміздегі жалған ақпараттармен күрестің маңыздылығын ескере отырып, әр бұқаралық ақпарат құралдарының өз фактчекингі болуы керектігі айтылады. Екі сайттың жарияланымдары мен құрылымы, зерттеу әдістері мен нәтижелері салыстырмалы түрде баяндалған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Көрінеу жалған ақпарат» таратқаны үшін кез-келген адамның жауапкершілікке тартылатындығы туралы нақты деректер келтірілген. Сондықтан әрбір журналистің кез-келген ақпаратқа сыни көзқарас тұрғысынан қарап,  дереккөздің сенімділігіне көз жеткізу арқылы ғана жариялауға кеңес беріледі. Журналистің «фактчекингтік санамен» ойлап, әрбір деректі тексеру дағдыларын игеруі  бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен сенімділігін арттыратындығы айтылған. 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ақсейіт, Ғ., & Кабдугалиев, А. (2023). Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибесі («Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттарының негізінде). Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 143(2), 47–55. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-47-55

Журналдың саны

Бөлім

Статьи