Әйелдерге қатысты манипуляцияның жариялылығы мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

манипуляция, әйел құқығы, гендерлік теңсіздік, БАҚ, жариялылық мәселелері

Аңдатпа

Әйелдерге жасалатын манипуляция – гендерлік теңсіздік пен стереотиптер нәтижесінде туындайтын күрделі әлеуметтік және психологиялық құбылыс. Бұл мақалада әйелдерге жасалатын манипуляция түрлері мен оның жариялылығы мәселелері талданды. Арнайы жүргізілген зерттеу жұмысы арқылы әйелдердің өміріндегі ең жиі орын алатын қысым көрсету түрлері мен одан кейінгі әрекеті, оған қатысты көзқарас, қоршаған ортасындағы осы құбылыстың құрбаны болған әйелдер жайлы ақпарат анықталды. Қазіргі БАҚ-тағы осы мәселенің жариялануы мен ашық айтылуы нақты мысалдармен дәлелденді. Арнайы зерттеудің мақсаты – әйелдерге жасалатын манипуляцияның медиада ашық жариялануына жол ашу, қысылмай баяндауға түрткі болу, құрбан болудан құтқаратын тәсілдерді жан-жақты деректі ақпараттармен түсіндіру. Әйелдерге қатысты манипуляция мәселесін талдау және оны еңсеру жолдарын ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеудің қорытынды тұжырымы арқылы мәжбүрлеуге тап болған әйелдердің оқиғаны ашық жариялауға қорқып, әрекетсіз қалатындығы анықталды. Күшпен манипуляция жасап, зорлық-зомбылыққа әкелген жағдайлар да, өтірік мақтаумен жасалатын манипуляциялар да жиі кездеседі. Мақалада мұндай деректер де ашық талданды. Әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды бағыты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қабылғазина, К., Дускеева, Г., & Еркімбек, А. (2026). Әйелдерге қатысты манипуляцияның жариялылығы мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1), 149–162. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/937

Журналдың саны

Бөлім

Статьи