Медиакеңістік: тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы музей тәжірибесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
медиакеңістік, тарихи-мәдени мұра, музей қызметі, цифрландыру, Digital Humanities, мәдени кодАңдатпа
Мақалада адамдардың қарым-қатынасы, контент алмасу және шынайы өмірде қоғамдық пікірдің қалыптасуы мақсатында сандық орта (медиакеңістік) негізінде тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы музей тәжірибесі қарастырылған. Музей қызметі сандық мәдениет және медиакеңістіктің дамуы жағдайында зерделенеді. Зерттеу жұмысының өзектілігі жаһандану және мәдени бірегейліктің күшеюі кезінде медиакеңістік тарихи-мәдени мұраны тек қана көрсетуші ғана емес, сонымен қатар талдау ортасы ретінде қарастырумен байланысты. Зерттеу жұмысының мақсаты сандық ортада оның негізгі функцияларын өзгерту призмасы арқылы музей қызметінің медиакеңістігін талдау. Зерттеу объектісі – мәдени мұраны бейнелеу нысаны ретінде медиакеңістік (мәдени мазмұнды өндіруді, таратуды және түсіндіруді қамтамасыз ететін цифрлық арналар мен платформалардың жиынтығы ретінде) қарастырылады, пәні – цифрландыру жағдайында музей функционалдық құрылымын өзгерту. Әдістемелік негізді дискурстық талдау, Digital Humanities пәнаралық байланыс, контент-анализ құрады. Осы әдістерді қолдану мәдени мұраны медиаортада бейнелеу ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ оны сақтау мен таратудың сандық формаларын талдауға мүмкіндік берді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы түрлі сандық технологиялардың әсерінен сапалы өзгерістерге ұшырайтын өзара байланысты функциялар жүйесі (сақтау, көрсету, білім беру, интегративті және бейімделу) арқылы музей қызметін қарастыру. Нәтижесінде цифрландыру музейді дәстүрлі қордан мәдени мағыналарды өндіруге қатысатын медиаплатформаға айналдыратыны анықталды. Сақтау функциясы цифрлық мұрағаттау және модельдеу, көрсету – медиа өндірісі, білім беру – интерактивті оқыту, интегративті – желілік қауымдастықтарды қалыптастыру, бейімделу – мәдени мұраны ұсыну формаларын өзгерту түрінде болады. Цифрландыру қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мәдени мұраны қабылдау құрылымын өзгертеді, оны статикалық объектіден динамикалық медиаөнімге айналдырады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы музей қызметін цифрландыру және медиакеңістікте тарихи-мәдени мұраны сақтау стратегияларын әзірлеу кезінде алынған нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі болып табылады.




