«Сарыарқа» газетінің қазақ журналистикасы тарихындағы орны


Қаралымдар: 314 / PDF жүктеулері: 597

Авторлар

  • А.А. Рамазан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Н.К. Қуантаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.Ж. Каpимова Iлияс Жансүгipов атындағы Жетiсу унивеpситетi

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-51-58

Кілт сөздер:

қазақ журналистикасы, Сарыарқа, Алаш, тарих, авторлар, таралым, баспа қызметі

Аңдатпа

Мақала қазақ журналистикасы тарихында ерекше орны бар, «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің тарихы мен шығарушылары туралы, тақырыптық ерекшеліктері жөнінде деректерді салыстыра бағамдауға арналып отыр. 

Қазақ журналистикасы тарихында тұңғыш саяси басылым ретінде шығып тұрған «Сарыарқа» газеті алғашқы сандарынан бастап халыққа бостандық пен теңдіктің мәнін терең түсіндіріп, үндеу жасап, саяси өзгерістерді батыл талдауға үлгі көрсете білген басылым. «Алаш» партиясы құрылғаннан бастап, партия тарапынан өткізілген іс-шаралардың бәрі газет бетінде толық көрініс тапты. А.Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газеті қазақ ұлтының оянуына түрткі болса, ал «Қазақтан» нәр алған «Сарыарқа» басылымы оянған ұлттың жаңа мемлекет құрудағы талпынысын,  ұмтылысын толық бейнелей алды. 

Зерттеу мақаланың мақсаты – «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің қазақ елінің шынайы тарихын қалыпқа келтірудегі маңыздылығын басты назарда ұстай отырып, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін бағалау, басылымда қажырлы еңбек еткен Алаш қайраткерлерінің публицистикалық мұрасына баға беру және бүгінгі ұрпаққа насихаттау.

Мақаланы жазу барысында «Сарыарқа» газетіне қатысты тың деректер пайдаланылды, бүркеншік есімдерге тaлдaу жасалынып, басылымның тарихы мен даму ерекшеліктеріне cараптама жасалынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рамазан, А., Қуантаев, Н., & Каpимова Б. . (2023). «Сарыарқа» газетінің қазақ журналистикасы тарихындағы орны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 142(1), 51–58. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-51-58

Журналдың саны

Бөлім

Статьи