Қытай-Қазақстан бірлескен деректі фильмдеріндегі медиа дипломатия және нарративтік келісімдер


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Қытай, Қазақстан, медиа дипломатия, Hello, Kazakhstan, Win-Win, деректі фильм

Аңдатпа

Зерттеудің негізгі мақсаты – «Hello, Kazakhstan» және «Win-Win» атты деректі фильмдерін негізгі кейс ретінде қарастыра отырып, бұл туындылардың өзара байланысты үш негізгі механизмі арқылы ұлттық бейнені симбиотикалық тұрғыда қалыптастыруға және саяси консенсусқа қалай қол жеткізуге болатынын ашып көрсету. Атап айтқанда, бұл басты үш механизм: ортақ перспективалық таңдау, біріктірілген дискурсты тарату және интертекстуалдық символдар құрастыру. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі «орталық – шеткері аймақ» бинарлық үлгісінің шектеулерінен тыс, көп субъектілі бірлескен баяндаудағы биліктің өзара келісу үдерісін талдаудың үшөлшемді моделін ұсынуымен айқындалады. Бұл өз кезегінде мәдениетаралық ынтымақтастық контексіндегі нарративтік билік теориясының микро-механизмдерін терең- детіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Зерттеуде сапалық әдістерді қолдану арқылы аталған екі деректі фильм Қытай – Орталық Азия медиа дипломатиясы тәжірибесін айқындауда кейстік зерттеу ретінде алынды. Мақаланың негізгі нәтижелері практикалық тұрғыдан Қытай – Орталық Азия медиа дипломатиясы үшін қолдануға арналған стратегияларды ұсынады: (1) мәдени ынтымақтастық; (2) экономикалық нарративтер; (3) мәдени бірегейліктің негізін нығай- туға бағытталған өңірлік коммуникация. Осы тұжырымдар Батыстан тыс мәдениетаралық коммуникация жағдайында ұлттық субъектілік пен өңірлік тұтастықтың тепе-теңдігін сақтауға арналған нақты парадигманы қалыптастырады. Ғылыми зерттеу нәтижелері медиа тәжірибесі үшін құнды еңбек және журналистер мен медиа ұйымдарға өңірлік, елдік ерекшеліктерді ескере отырып, медиа дипломатия практикасын жауапкершілікпен жариялауға бағыт береді. Сонымен қатар, Батыстан тыс контекстегі мәдениетаралық нарративтің инновациялық жолдарын түсінуге теориялық негіз ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Пэнг W., Мысаева K., & Ақынбаева A. (2026). Қытай-Қазақстан бірлескен деректі фильмдеріндегі медиа дипломатия және нарративтік келісімдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 153(4), 163–188. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/881

Журналдың саны

Бөлім

Статьи