Медианың Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі туралы қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Қаралымдар: 1
Кілт сөздер:
медиа, Орталық Азия елдері, су қауіпсіздігі, қоғамдық пікір, дискурс, ықпалАңдатпа
Бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат – Орталық Азия елдеріндегі су қауіпсіздігі мәселелерінің жалпы қоғамда талқылануына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын анықтау.
Қазіргі таңда бұл аймақтарда су ресурстарының шектеулілігі, климаттың өзгеруі және өзендердің трансшекаралық сипатының алдыңғы кезекке шығу мәселелері күн тәртібіне қойыла бастады, мұндай жағдайда БАҚ экологиялық ағарту ісін ілгерілету, саясатқа әсер ету және азаматтық қоғамды жұмылдыру құралына айналуы тиіс. Осы себепті контентті талдау әдісі мен әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстан медиасында су қауіпсіздігі тақырыбының көтерілу және жазылу бағыттарындағы негізгі үрдістер анықталды.
Бұл мақалада экологиялық журналистиканы дамыту және халықтың медиасауаттылығын арттыру су қауіпсіздіг мәселелерін тұрақты шешуге алғышарт болатыны көрсетіледі. Зерттеу жұмысының практикалық мәні деп экологиялық тақырыптардағы ғылыми жұмыстар мен жобаларды жазу барысында зерттеу барысындағы ғылыми тұжырымдар мен деректерді қолдануды айтуға болады.




