Бейнежазба түсіру үдерісі: негізгі қағидалары мен тәсілдері


Қаралымдар: 152 / PDF жүктеулері: 220

Авторлар

  • И. Албатыр І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Ж. Б. Есенбек С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Б.Ж. Каримова І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

конвергент, бейнеқатар, план, экран, ракурс, монтаж

Аңдатпа

Конвергенцияны мерзімді баспасөз, радио, теледидар және интернет сияқты БАҚ-тың барлық түрлері бойынша бір мезгілде барша жаһанға жаңалық тарататын медиа ретінде қарастыруға болады. Олар өзара жарнамалық модель түрінде алмасып, кейінгі уақытта ақпарат кеңістігінде қарқынды дамып келеді. Бұл ғылыми мақаламызда мультимедиалық қызметтің дамуына серпін берер деген мақсатпен бейнежазба түсіру үдерісіндегі конвергентті журналист қызметіне ден қойдық. Конвергентті журналист экран тілінің ерекшелігін, ақпараттың мазмұнын, оны экранда көрсету мақсатын, түсіру сипатын, камераның техникалық мүмкіндігін және монтажды ескере отырып, экрандық бейнені жасау ерекшелігі арқылы сапалы бейне өндірумен кәсіби түрде айналыса алады. Алайда, конвергентті журналист бейненің негізгі сипаты оның таралу арнасына да байланысты болатынын ескеруі керек, яғни теледидар эфирінде трансляциялауға арналған бейнеқатар ғаламторда орналастырылған бейнеден ерекшеленеді. Бұнда теледидар мен интернеттің технологиясы бейне тәртіпке тән әртүрлі функционалдық мүмкіндік пен құрылым ерекшелігіне байланысты. Сондықтан, бейнеқатардың негізгі сипатына қарап, оның таралу арнасына ден қоймай-ақ интернеттегі бейне ерекшелігін және оның теледидарлық бейнеден айырмашылығын түсіну қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Албатыр, И., Есенбек, Ж. Б., & Каримова, Б. (2025). Бейнежазба түсіру үдерісі: негізгі қағидалары мен тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 150(1), 105–116. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/662

Журналдың саны

Бөлім

Статьи