Журналистік зерттеу жүргізудегі тәуелсіз және альтернативті БАҚ-тың рөлі


Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 43

Авторлар

  • Ш. Атай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Кілт сөздер:

тәуелсіз БАҚ, альтернативті БАҚ, журналистік зерттеу, наразылықтар, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстанда орын алған наразылықтарды жариялауға баса назар аудара отырып, журналистік зерттеу жүргізудегі тәуелсіз және альтернативті БАҚ-тың рөлі қарастырылды. Зерттеуде үш онлайн-платформада жарияланған материалдардың салыстырмалы талдауы ұсынылған: «Азаттық», «Власть» және «Inbusiness». Оқиғаларды жариялау ерекшеліктерін және аталған медиаларда қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау үшін мазмұнды талдау және кейс-стади әдістері пайдаланылды. Талдау 2022 жылдың 5 және 6 қаңтарында жарияланған наразылықтар мен биліктің оларға реакциясы туралы мақалаларға бағытталған. Нәтижелер «Азаттық» және «Власть» сайттары наразылық қатысушыларының, сарапшылардың пікірлерін және орын алған оқиғалардың егжей-тегжейлі сипаттамаларын қоса алғанда, журналистік зерттеуді белсенді жүргізетінін көрсетті. Өз кезегінде, «Inbusiness» сайты тыныштыққа шақыру және тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданған шаралар туралы есеп бере отырып, үкіметтің ресми реакциясына назар аударады. Ал мақалаларда оқиғалар мен оппозициялық сарапшылардың пікірлеріне терең талдау жасалмаған. Қорытындылай келе, мақалада журналистік зерттеу тәжірибесін жақсарту, материалдардағы тәуелсіз пікірлерді, оқиғаларды жариялаудағы объективтілік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Атай S. (2025). Журналистік зерттеу жүргізудегі тәуелсіз және альтернативті БАҚ-тың рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 150(1), 7–18. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/653

Журналдың саны

Бөлім

Статьи