Қазіргі медиакеңістіктегі жаңалық
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
сенсация, фейк, лонгрид, лид, тақырып, факт, дәйекАңдатпа
Жаңалық – журналистиканың ең өзекті және сенсациялы категорияларының бірі. Жаңалықтардың нысанын анықтау қиын. Бұл оқырманның тақырыпты талқылауға тікелей қатысуынан туындайды. Мақалада, міне, осы жаңалық жазудың теориялық және практикалық мәселелері сөз болады. Жас журналистерді жаңалық жазудың қиындықтары жиі мазалайды. Себебі, көп жағдайда«жаңалық» деп дайындаған жазбасы газетке де, телеэфирге де жарамай жатады. «Небәрі 3-4 сөйлемді жылдам жазып тастай салармын»деген ойы жүзеге аспай, тығырыққа тіреліп, формасын таппай, сағаттап отырады. Бұл осы жанрдың негізгі қағидаларын терең білмеуден туындайды. Сондықтан, ғылыми зерттеуде жаңалық жазудың әдіс-тәсілдері, теориялық және практикалық дағдылары қарастырылады. Жаңалықтың жаманы (негативті) немесе жақсысы (позитивті) болмайды. Оқырманға, тыңдарманға немесе көрерменге ұсынылған қажетті ақпараттың қай-қайсысы да жаңалық болады. Бастысы, ол – ақпараттық маңыздылығы бар шынайы уақиғаға өрілген өзекті хабарлама болуы шарт. Өңірлік телеарналарда жаңалықтардың мынадай бағыттары бар: оқиғалы (оқиғалар, іс-шаралар, баспасөз мәслихаттары, брифингтер), хабарлы (есепті жиындар, жоспарлы кездесулер), қорытынды (жылдық есептер, есепті кездесулер, таныстырылымдар), қысқа (жаңалық-фактілер, жаңалық-дәйексөздер). Қалай десек те, жаңалық – қазіргі журналистикада ең кең тараған жанр. Күнделікті газет материалдарының 80-90%-ын жаңалықтар құрайды деуге толық негіз бар. Деректер мен фактілерге сүйенген пікір білдіру, сараптама жасау бағытындағы басылымдарда жаңалықтардың үлесі айтарлықтай аз болғанымен, қоғамдық басылымдардың жартысына жуығын және ақпарат агенттіктері мәтіндерінің 100%-ға жуығын осы жаңалықтар құрайды. Жаңалыққа жанама жанрлар – корреспонденциялар, эсселер, репликалар, редакциялық мақалалар, заметкалар, шолулар, блиц-сауалнамалар, лонгридтер, пресс-релиздер, инфографикалар, иллюстрациялар, шағын сұхбаттар, хабарландырулар т.б. туралы да сөз болады