Қазақ телевизиясының технологиялық жаңару кезеңдерінің ерекшіліктері


Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 185

Авторлар

  • Ұлбосын Есенбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қайрат Сақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Нұрсұлтан Рахымбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-147-2-122-138

Кілт сөздер:

телевизия, даму кезеңдері, ұлттық телевизия, технологиялық жаңару, медиа-контент, трансформация

Аңдатпа

Мақалада қазақ телевизиясының технологиялық жаңару ке- зеңдері қарастырылып, технологиялық жетістіктердің хабар тарату са- ласына әсері мен эволюциясы сипатталады. Тарихи контекст пен нақты кезеңдерді талдау арқылы зерттеу – бұқаралық коммуникация саласын- дағы инновацияның негізгі кезеңдерін көрсетеді.

Зерттеуде үш негізгі кезең қарастырылған: телевизиялық технологи- яның кеңестік дәуірдегі алғашқы енгізілуі, тәуелсіздік жылдарында ұлт- тық телевизияның дамуы және цифрлық хабар таратуға көшу, цифрлық трансформация стратегиялары арқылы жүргізілген соңғы жетістіктер. Әрбір кезең Қазақстандағы кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді көрсететін бірегей қиындықтар мен жетістіктермен сипатталады.

Қазақ телевизиясының мазмұнының жаңаруы, әлеуеті мен бағдарла- маларының сапасының өсуі де техникалық прогреспен және қоғамның әлеуметтік сұранысымен сәйкес келеді. Кеңестік кезеңдегі отандық теле- визиядағы қиындықтар мен тәуелсіздіктен кейінгі қоғам мен журнали- стерге берілген сөз бостандығы сол кездегі телебағдарламалардан көрі- неді. Осының бәрі мақалада технологиялық жаңарудың әрбір кезеңіне байланысты бірегей қиындықтар мен жетістіктер түрінде қарастырыл- ды. Жаңару кезеңдеріне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар, олардың қазақ телевизиясының болашағына ықпалы талқы- ланды.

Қорытынды тұжырымдар қазақ телевизиясындағы технологиялық прогрестің динамикалық сипатын анықтайды, үнемі өзгеріп отыратын медиа-ортада саланың өзектілігі мен бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін үздіксіз инновациялардың маңыздылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есенбекова, Ұ., Сақ, Қ., & Рахымбаев, Н. (2024). Қазақ телевизиясының технологиялық жаңару кезеңдерінің ерекшіліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 147(2), 122–138. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-147-2-122-138

Журналдың саны

Бөлім

Статьи