Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Бұқаралық ақпарат құралдарының балалар мен жасөспірімдер психологиясына әсері


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • Камашке Асанов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті,

Кілт сөздер:

Мультфильмдер, интернет, жасөспірімдер психологиясы, медиа мәтін, теледидар хабарлары, әлеуметтік желілер, бейне ойындар, когнитивті даму, медиа сауаттылық

Аңдатпа

Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының балалардың психикалық жағдайына әсері зерттеледі. Теледидар бағдарламалары, интернет, әлеуметтік желілер және бейне ойындар сияқты медиа-контенттің әртүрлі түрлері, олардың балалардың эмоционалдық және психологиялық дамуына ықтимал әсері қарастырылады. Медиа әсерін күшейтетін немесе жеңілде- тетін факторлар, мысалы, отбасылық қолдау мен білім беру бағдарламала- ры талданады. Балалардың цифрлық дәуірде психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету үшін ата-аналарға, педагогтарға, контент жасаушыларға ұсыныстар беріледі. Мақалада сондай-ақ білім беру және дамыту бағдар- ламалары сияқты медиа-контенттің оң аспектілері қарастырылады, олар балалардың когнитивті, әлеуметтік дамуына ықпал етуі мүмкін. Медиа са- уаттылық пен сыни ойлау балаларға теріс әсерлермен күресуге, медианы өз мүддесіне пайдалануға қалай көмектесетініне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде балалардың үйлесімді дамуы мен әл-ауқатына ықпал ететін қолайлы медиа ортаны құру үшін стратегиялық тәсілдер мен практикалық кеңестер ұсынылады. Сондай-ақ зорлық-зомбылық процесстері орын алатын теледидарлық бағдарламаларды, фильмдерді ұзақ уақыт көру, әле- уметтік желілерде тым көп уақыт өткізу және агрессивті мазмұны бар бей- не ойындарды пайдалану, сол мазмұндағы бейнелерді қарау балалар мен жасөспірімдердегі агрессия, мазасыздық және ашуланшақтық проблемала рының жоғарылауына әкелуі нақты мысалдар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асанов, К. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Бұқаралық ақпарат құралдарының балалар мен жасөспірімдер психологиясына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 147(2), 97–105. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/517