Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде баспасөз қызметінің қалыптасуы мен дамуы


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

  • Жанжігіт Омархан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Бибигуль Каримова І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

Қазақстан, ақпарат, баспасөз қызметі, мемлекеттік меке- ме, даму бағыттары, PR, қалыптасу тарихы

Аңдатпа

Мақала бүгінгі ақпарат саласының қызмет жүйесіндегі бас- пасөз қызметінің қалыптасуы мен даму бағыттарына арналып отыр. Бас- пасөз қызметі – билік пен халық арасын, ұйым мен қоғам арасын байла- ныстырушы. Кез келген мекеме немесе ұйым баспасөз қызметі арқылы ақпаратты қоғамға таратуды, қоғамда жағымды пікірге ие болуды, адамдармен түсіністік қарым-қатынас жасауды, өз жұмысын жарнамалау- ды мақсат етеді. Сондықтан баспасөз қызметін пайдаланады, әрі оны қа- жет деп біледі.

Бүгінде қоғаммен байланыс аясындағы баспасөз қызметінің міндеттері мен мақсаты нақтыланғанымен, баспасөз жұмысына кешенді теориялық зерттеулер жүргізілу жағының әлі де аздық ететіні зерттеудің өзектілігін танытады. Баспасөз қызметінің қалыптасуы турасындағы ғылыми зерт- теу жұмыстар қатарын теориялық материалдармен толықтыруды қажет етеді.

Зерттеу мақаланың мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік мекеме- лерінде баспасөз қызметінің қалыптасуы мен бүгінгі даму бағыттары туралы сараптама жасау. Баспасөз қызметі жұмысы бірнеше мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің даму бағыттарын салыстыру арқылы көрсетілді. Баспасөз қызметінің қажеттілігі мен маңыздылығын көрсету- дің әдіснамалық тұсы айтылды.

Зерттеу мақаланың практикалық мәні ретінде ғылыми жұмыстарға, анықтамалықтарға, сондай-ақ жекелеген баспасөз қызметінің жұмысы мен даму бағыттары туралы мағлұматтар алуға септігін тигізері сөзсіз.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омархан, Ж., & Каримова, Б. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде баспасөз қызметінің қалыптасуы мен дамуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 147(2), 66–81. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/514