Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Медиаэтиканың өзекті мәселелері


Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 40

Авторлар

  • Ғалия Ақсейіт Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Арыспай Кабдугалиев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

этика, медиаэтика, моральдық ұстанымдар, ар-намыс, жеке өмірге қол сұқпаушылық, журналистің кәсіби этикасы

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада бүгінгі күні өте өзекті болып отырған медиаэтика мәселелері қарастырылады. Жаһандану кезеңінде адамдар- дың қандай ақпаратты қабылдап, қорытып жүргені өте маңызды. Себебі әрбір қабылданған ақпарат адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Қазір қазақтілді медиаға деген сұраныстың артып келе жатқандығы қуантады. Бірақ сұранысқа сай ақпарат ұсынылып жүр ме деген мәселе төңірегінде ой қозғалады. Бұқаралық ақпарат құралдары өз аудиториясын зерттеуге, қажеттіліктерін білуге қаншалықты көңіл бөледі деген сұраққа да жауап іздеуге тырыстық. Медиаэтикаға қатысты аудитория тарапынан айтылған сын-пікірлерге құлақ асып, қорытын- дылар шығару жағы кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Жалпы, БАҚ өнімдерін тұтынушыларды қазіргі заманда не қызықтырады, ойландыра- ды деген сұрақтар төңірегінде арнайы сауалнама жасап, соның негізінде қорытындылар мен тұжырамдар, ұсыныстар айтуға тырыстық.

Сонымен қатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған этикаға қайшы материалдарға талдау жасалды. Журналистік этика мен жеке ав- торлық ұстаным тұрғысынан баға беріліп сараланды. Сонымен қатар елімізде кәсіби этикадан аттап кеткен кейбір сайттар мен телебағдарла- маларға қатысты оқырмандар мен көрермендер пікірі жинақталды. Баға- лау, пікір білдіру кезінде БАҚ аудиториясының пікірі де негізге алынады. Медиаэтикаға қатысты жазылған отандық және шетелдік авторлардың теориялық еңбектері мен соңғы жылдары жазылған зерттеулерге де баса назар аударылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ақсейіт, Ғ., & Кабдугалиев, А. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Медиаэтиканың өзекті мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 147(2), 56–65. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/513