Қазақ жеріндегі ашаршылық немесе «ұсақ-түйек қателіктер» мен «елеусіз кемшіліктер» зардаптары


Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • К. М. Алдабергенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-8-14

Кілт сөздер:

ашаршылық, нәубат, Сталин, Голощекин, «ұсақ-түйек қателіктер», «елеусіз кемшіліктер», «национализациялау», «конфискелеу», «Бесеудің хаты»

Аңдатпа

Еліміздің тарихында қазақ халқының басына қара бұлт болып үйірілген нәубат ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығынан кейінгі осы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы
халықтың үштен екі бөлігің жалмаған «ашаршылық» болып табылады. Әрине, бұл туралы өз кезінде айтылып, жазылды. Бірақ олардың көпшілігі «халық жауы» ретінде айыпталып, қудаланды.
Оған осы оқиғаға байланысты тікелей И.В.Сталинге жазылған «Бесеудің хаты» куә. Сондықтан бұл
тақырып тек тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін ғана зерттеу нысанына айналып, бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы жүзеге асуда. Бұл тақырыпқа негізінен жазатын, қалам тартатындар тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер мен журналистер болғандықтан оқырман,
көрермен, тыңдармандар тарапынан мұндай материалдарға деген сұраныс көп. Ондай шығармаларды қарапайым оқырман ғана емес, мектеп және ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар да
іздеп жүріп оқиды десек артық айпағанымыз. Бұдан шығатын қорытынды, келешекте «тарихтың
ақтаңдақ мәселелерін» неғұрлым толығынан зерттеп, бір орталықтан басқаратын дәрежеге жетсек, онда қазақ мемлекеттігінің толық тарихын жазуға атсалысар едік. Бүгінгі таңда Елбасы күн
тәртібіне қойып отырған «Мәңгілік ел», «Туған жер» бағдарламалары да толығынан орындалар
еді. Болашақ ұрпақ елінің тарихынан сусындап, оны мақтан тұтар еді. Бұл дегеніміз біздің өткен
тарихымыздан алатынымыз да, үйренеріміз де көп екендігін дәлелдейтін факті.
Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда болған ашаршылық нәубатының
зардаптары мен негізгі себеп-салдарлары ашып көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алдабергенов, К. М. . (2018). Қазақ жеріндегі ашаршылық немесе «ұсақ-түйек қателіктер» мен «елеусіз кемшіліктер» зардаптары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 122(1), 8–14. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-8-14

Журналдың саны

Бөлім

Статьи