Мәдениетаралық өзара іс-қимыл аспектісіндегі стендап
Қаралымдар: 193 / PDF жүктеулері: 134
Кілт сөздер:
стендап, комедия, бұқаралық өнер, танымал шоу, жастар аудиториясыАңдатпа
Стендап ақпараттық технологиялардың қарқынды даму дәуірінде сөйлесу жанрының бір түрі ретінде қалыптасты. Ол сонымен қатар, комедия, ток-шоу ретінде танымал бола бастады. Сахналық стендапта бір орындаушы аудитория алдында жеке өзі өнер көрсетеді. Стендап көрерменмен тікелей сөйлесетін баяндаушылардың әңгімелеріне негізделген. Бұл ойдан шығарылған жағдайлар, автор немесе оның достарымен, туыстарымен болған оқиғалар, елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға түсініктеме болуы мүмкін – яғни спикер мен тыңдаушыларға қызықты кез-келген оқиға. Ол осы тұрғыда мәдени ортаны қалыптастырады.
Зерттеу қазіргі қоғамда күтпеген жерден танымал болған стендап практикасының дамуымен, көбінесе қарым-қатынас барысында консерватизмнен, ұйымшылдықтан, тәрбиеден, стандартты сөз тіркестерінен аулақ болуға тырысатын жастармен байланысты құбылыстың мәдениетаралық өзара әрекеттесу аспектісіндегі өзектілігімен байланысты. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар стендап тақырыбын жеткілікті зерттемеген. Біз өз жұмысымызды бұқаралық коммуникацияның жаңа форматын – қоғамдық өмірдегі өзгерістерге жауап ретінде жастар арасында танымал болып келе жатқан комедия жанрын қамтитын стендапты талдауға арнадық. Қазақстан Республикасында қалыптасып жатқан комедиялық стендапқа талдау жүргізілді.