Кеңестік қазақ баспасөзі: ұлттық мүдде және саясат қайшылығы
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-126-1-81-92Кілт сөздер:
қазақ баспасөзінің мәселелері, кеңестік идеология және қазақ баспасөзі, кеңестік қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәселелер, қазақ баспасөзіндегі жер мәселесі, қазақ тілі және кеңестік саясат, 1920 жылдар қазақ баспасөзі, кеңестік баспасөздегі саясат қайшылығыАңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың 20 жылдары – кеңестік биліктің орнауы мен орнығуы
жағдайындағы қазақ баспасөзінің тақырыптары сөз болады. Әсіресе, ұлт саясаткерлерінің кеңестік
идеологияның таптық ұстанымымен компромиске бара отырып, жер, тіл тақырыптары сияқты қазақ елінің өзекті мәселелерін батыл көтергені, мемлекеттік мүддені ашық қорғағаны айқындалады.
Мақала қазақстандық және шетелдік зерттеуші ғалымдарды сталиндік режимнің қудалауы
басталған 1928 жылға дейінгі қазақ баспасөздерінің атқарған миссиясына ғылыми тұрғыдан қайта
тұжырым жасауға ықпал етуді көздейді. Себебі кеңестік кезеңде ғылыми зерттеудің бәрі дерліктей компартиялық ұстаным тұрғысынан қатаң қадағаланғандықтан кеңестік саясат қазақ зиялыларының баспасөз бетіндегі күресін жасырып ұстады, айтуға тыйым салды. Шындықты әшкерелейтін
ондай басылымдардың өзін түгелдей немесе қажетті нөмірлерін жойып отырды. Сондықтан бүгін кеңестік империя құлап, тәуелсіз сана үстемдік еткен тұста әртүрлі мұрағат қорларында құпия
сақталған газет-журнал тігінділерінен 1920-шы жылдардағы ақиқатты айта білген өткір мақалаларды тауып, оларды ғылыми айналымға енгізу аса өзекті болып тұр. Осы арқылы да кеңестік саясаттың халықтар мен ұлыстарға жасаған иедологиялық қысымын әшкерелеуге болады.