Цифрлық коммуникациядағы өшпенділік тілі және оны құқықтық реттеу


Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 198

Авторлар

  • О.Ж. Ошанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д. Қалибекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Елешева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-27-39

Кілт сөздер:

цифрлық коммуникация, әлеуметтік медиа, сөз бостандығы, өшпенділік тілі, құқықтық реттеу, медиаөнім

Аңдатпа

Мақалада қазіргі әлемдегі және қазақстандық қоғамдағы цифрлық коммуникацияның негізгі сипаттамалары, сондай-ақ цифрлық байланыс құралдары арқылы берілетін хабарламаның жаңаша түрленуі мен берілу формалары қарастырылады.

Цифрлық медиа ғасыры кез-келген онлайн сөйлесуді немесе медиаөнімді экранды бір рет түрту арқылы қолжетімді етеді, алайда оның салдары қандай болатыны туралы ойланбастан, бөлісуге мүмкіндік береді. Осы орайда мақалада заманауи техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуды қарқындату мен өзгертудің негізгі артықшылықтары мен зияндылығы атап өтіледі.

Интернеттегі медиаөнімдердің саны өсіп жатқандықтан, жеккөрушілікке толы сөздердің таралуы да артып келеді. Біз бұл мақалада әлеуметтік медиадағы өшпенділік сөздерге толы медиаөнімдерді анықтаудың түрлі тәсілдерін анықтаймыз және зерттейміз. Бұл бағытта кездесетін қиындықтар мен шектеулер де сөз болады. Біз сондай-ақ осы мәселені реттеудің заңдық  және практикалық тұстарын да талқылаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ошанова, О. ., Қалибекұлы, Д., & Елешева, А. (2023). Цифрлық коммуникациядағы өшпенділік тілі және оны құқықтық реттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 144(3), 27–39. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-27-39

Журналдың саны

Бөлім

Статьи