Қазақ баспасөзін цифрландыру барысында кездескен проблемалар


Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 40

Авторлар

  • Л.Т. Қожахметова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-36-43

Кілт сөздер:

интернет, цифрлық технология, БАҚ, мемлекеттік тапсырыс, онлайн, сайт, баспасөз

Аңдатпа

Өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын талқылайтын еркін баспасөз
- дамыған қоғамның, мемлекеттің ажырамас бөлігі. Қазақстандық баспасөзге цифрлық технологиялардың енгізілуі гаджет қолданатын жаңа аудиторияның назарын аудару үшін ғана емес, бизнестің
барлық түрінің де интернетке көшуі себеп болды. Жаңа медианың дамуы оқырмандардың үлкен
сеніміне ие болды. Еркін ойлар мен тәуелсіз пікірлер басылым беттерінен сайттарға, блогтар мен
әлеуметтік желілерге көшті.
Баспа басылымдардың мультимедиалық пішінге көшуі ақпарат берудің түрлі технологияларын біріктірді. Бұл журналист қызметін күрделендірді. Себебі бір материалды бірнеше пішінде
бір уақытта ұсыну қажеттілігі туды. Газеттің конвергенциялануы - мәтіндік материалдарды ұсынып
қана қоймай ғана емес, қосымша әртүрлі платформаларда видео, аудио, фотоконтентті жариялау.
Қазақстандағы ақпараттық кеңістіктің жетілуіне, коммуникацияның цифрлануына кері әсер
ететін негізгі проблемалар бар. Оған БАҚ-тың мемлекеттік тапсырысқа тәуелділігі, құқықтық базаның жетілмеуі, қазақ тілді баспасөздің бәсекеге қабілетсіздігі, газеттер тиражының азаюы жатады.
Мақалада цифрлық технологияның қазақ баспасөзіне әкелген жаңалығы талданған, бүгінгі күн
тұрғысынан баға берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қожахметова, Л. . (2019). Қазақ баспасөзін цифрландыру барысында кездескен проблемалар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 127(2), 36–43. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-36-43

Журналдың саны

Бөлім

Статьи