«Адамгершілік», «жүрекжардылық» сипаттарына тәрбиелейтін жанр
Қаралымдар: 41 / PDF жүктеулері: 43
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-20-25Кілт сөздер:
эпистолярлық жанр, газет, журнал, мақала, журналист, публицист, қаламгер, автор, дерек, дәйек, көркем әдебиет, шығарма, полемика, ретроспективалық хатАңдатпа
Эпистолярлық публицистика тақырыбы – бүгінгі қазақ журналистикасы теориясында там-тұмдап қана қарастырылып отырған жанр. Өйткені, қазіргі ақпарат тасқындаған дәуірде
рухани құндылықтай болған эпистолярлық жанрдың баспасөздегі көрінісінің саябырсып қалғаны
жасырын емес. Автор мақалада хаттың тілі мен стиліне, тақырыбына, адресат пен автор қарым-қатынасының көрінісіне ғылыми тұрғыда барынша зер салады. Мақалада баспасөз арқылы хат жазысқан қаламгерлердің әдеби, қоғамдық мәселелер төңірегіндегі публицистикалық екпіндерін талдап, жанр ерекшелігін айқындай түседі. Қазақ даласындағы хат жанрының мұра бастауларына, көне
хаттардағы пікір ерекшеліктеріне, зиялылардың хат алмасып, дәуір үніне баға беруіне жан-жақты
пікір, нақты дәйек, ой айтылады.
Автор ғылыми мақалада сондай-ақ, ретроспективалық, сыршыл, полемикалық хаттарға
талдау жасайды әрі эпистолярлық публицистиканың үлгі боларлық тәрбиелік, танымдық тұстарына барынша баға береді. Газет руханилығының барометрі іспеттес эпистолярлық жанрдың бүгінгі
қыр-сыры мен көтеріп отырған жүгіне ғылыми тұрғыда тұщымды ой мен пайымды пікір беріледі.