Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы баспасөз
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 45
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-128-3-8-13Кілт сөздер:
ашаршылық, репрессия, баспасөз, Голощекин, «Кіші Октябрь», ұжымдастыру, «халық жаулары», қасірет зардабыАңдатпа
Мақалада отызыншы жылдар қазақ халқының басынан өткен «қара түнек
жылдар» болып саналатын аштық пен репрессия жылдарындағы журналистиканың тарихы
сараланып, зерттеледі. Ф. Голощекин 8 жыл ішінде қазақ жерінен құйындай ұйтқып өткен
социализмді қайталау ниетімен «Кіші Октябрь» бағдарламасын жасап, адамдарға «қасық
пен шанышқыны қалай ұстату керектігін» үйретумен айналысты. Нәтижесінде 1933 жылдың басында қазақ халқы тең жартысынан айырылып, 40 миллион малдың 5-ақ миллионы
қалды. Мұның өзі күні кешеге дейін «ұсақ-түйек қателіктер» мен «елеусіз кемшіліктер» деп
аталып келді. Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ жеріндегі нәубат, яғни ашаршылық пен
реп- рессия жылдарындағы мерзімді баспасөз жұмысына баға беріліп, оның оң және теріс
тенденциялары айқындалады