Отандық БАҚ-қа контент-талдау
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 63
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-131-2-37-46Кілт сөздер:
БАҚ, мониторинг, санат, клиппинг, транскрипт, аудиожазба, артефактАңдатпа
Ғылыми мақаладa БАҚ материалдарына мазмұндық талдау жасау маңызы,
мәні мен қызметтері жан-жақты талданады. Сонымен қатар, мазмұнды талдауды (контент-анализ) мәтіндердің барлық түрлеріне (публицистикалық, ғылыми, кәсіби-салалық) жасаудың арнайы әдістемесі мен теориясы зерттеуші ғалымдар тұжырымдарымен зерделенді.
Мазмұндық талдаудағы сауалнама әдістерінен айырмашылығы, әлеуметтік құбылыстар туралы қорытынды шығаруға, мәтіндік массивті зерттеуге, онда жоқ ақпараттық аспектілерді
анықтау мәселері қамтылды. Қазіргі қоғамда БАҚ пен қоғамның барлық салалары тұрақты
және әртүрлі формада өзара ықпалдасуда. Қазіргі БАҚ материалдарына мазмұндық талдау
жасаудың маңызы мен мәнін зерттеу уақыт талабынан туындап отыр. БАҚ мониторингінің
бүгінгі қоғамға әсері мен БАҚ материалдарын мазмұндық талдау әдістемесін жетілдіріп,
тәжірибесінің ұтымдылығын артыру тұрғысынан зерделеу мақаланың басты мақсаты болып табылады.