Цифрлық технологиялар дәуіріндегі журналистиканың даму үдерістері
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 58
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-133-4-92-98Кілт сөздер:
Интернет, сөз бостандығы, цензура, жаһандану, БАҚАңдатпа
Әлемдік жаһандануда Интернетті қолдану жүйесі басқару шегінен шығып, қоғамда тым
бақылаусыз пайдаланылуда. Сөз бостандығы мен ақпаратқа оңай қолжетімділіктің болғаны құптарлық
іс, алайда олар қоғамға, әсіресе, балалар сияқты әлеуметтің осал бөлігіне қаншалықты пайдалы болуы
мүмкін деген мәселе өзекті болмақ. Бұл мақалада балаларды порнографиялық материалдарға шектеу
қою арқылы қолжеткізу мүмкіндігін жоюға бағытталған ұсыныстар қарастырылып, сонымен қатар,
мәселенің жаһандық маңызы айтылған.
Интернетті және мобильді құрылғыларды пайдалану біздің өміріміздің, атап айтқанда, балалар
өмірінің басты элементіне айналды.
Интернет желісінің кейбір сайттарына қолжетімділікті шектеу бойынша шаралар қабылдауда, әрі,
оның қадағалануын күшейту қажет. Сонымен қатар, бұл зерттеуде көптеген әлеуметтік маңызды тақырыптар қозғалып, бірнеше маңызды сұрақтарға жауап алынады.