Аймақтық спорттық журналистиканың мәселелері
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 362
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-133-4-15-25Кілт сөздер:
спорттық журналистика, аймақтық журналистика, дене шынықтыру, спортты насихаттау, салауатты өмір салты, қоғамдық-саяси баспасөз, аудандық газетАңдатпа
Мақалада қарастырылған спорт үйлесімді тұлғаны, ұлттық өзіндік сананы қалыптастырудың зерттеудегі міндетті факторы болып табылады, сонымен қатар, адамның өмір сүруіне қажетті
жалпы физикалық қасиеттерді дамытуға және жетілдіруге қызмет етеді деген тезиске негізделген. Ресей
Федерациясының Ішкі мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі ұлт денсаулығын нығайту әдісі
ретінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және танымалдығын арттыру болып табылады. Спорттық
қозғалысты дамыту мен қолдаудағы, спорттық қызметке қатысушылар арасындағы диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі басты құрамдас бөлігі БАҚ екені айқын.
Футбол Әлем кубогының оқиғаларын көрсету тәжірибесін жинақтаған Ростов облысының аймақтық
газеттері біздің назарымызға алынды. Олар бұқаралық спорттық коммуникацияларында өзіндік орынға
ие болып, әрі аймақтың спорттық өмірінің тұтас көрінісін қалыптастырады. Жергілікті БАҚ жарияланымдарының нәтижесінде Ростов тұрғындары мен қонақтары спортшылар мен спорт командаларының
қандай да бір жетістіктерімен танысуға, өз қаласындағы ең танымал және нәтижелі спорт түрлері туралы
толық ақпаратты білуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, зерттеу спорттық журналистиканың проблемалары мен бағыттарын, оның тұлғалары мен тақырыбын, рейтингтері мен аудиториясын сипаттайды.