Ақпараттық билік парадигмалары («Әл-Жазира» телеарнасы материалдары негізінде)


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 189

Авторлар

  • А А. Жұматай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
  • Г. Өзбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-15-27

Кілт сөздер:

Әл-Жазира, араб әлемі, Катар, ақпараттық билік, халықаралық саясат, ақпараттық қауіпсіздік

Аңдатпа

Үгіт-насихат, дезинформация, мәліметтерді бұрмалау мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатына нұқсан келтіретін ақпараттандыру тәсілдері мен технологиялары саналады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары «ақпараттық қоғам» тұжырымы
қалыптасып, аталған технологиялар қатары медиамен толықты. Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігіне айналып, билік пен медиа байланысының маңызы артты. Араб медиасындағы «әл-Жазира» телеарнасының хабар тарату
үлгісі арқылы журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын, үкімет пен
БАҚ байланысының нәтижесін және ақпараттық билік қауқарын зерттеуге болады.
Ақпараттық билік өзге билік түрлерімен салыстырғанда, бірқатар айырмашылықтар
мен өзіндік ерекшеліктерге ие. Атап айтқанда, болған оқиғаны аудиторияға хабарлау
арқылы өктемдік сипаты басым (ол басқа билік түрлерінен жоғары тұрады, бірінші тараптың шешімдерін екіншілері орындайды); тілші өз ақпаратын үгіт-насихат ретінде
қолданса, аудиторияның сол манипуляцияға еру ықтималдылығы жоғары; қоғам атынан
билік жүргізу қабілеті; басқарудың әдіс-тәсілдерін меңгерген, осы саламен кәсіби айналысатын адамдар тобының әрекеті; біржақты пікірлерді ұсыну арқылы өзгенің мүддесін
жоғары қою; қоғам өмірінің күнделікті тәртібін белгілеу арқылы жеке-дара басқарушы
құқыққа ие болу; мемлекет және қоғам шеңберінде ашық түрде күш қолданып, «ақпараттық соғыс» туғыза алуы және тағы басқа. Зерттеу тақырыбымызға арқау болған
катарлық «әл-Жазира» телеарнасы биліктің осы түрін пайдалану арқылы араб ақпараттық қауіпсіздіктің қай деңгейде екенін көрсетті.
Әлемдік экономика мен саясаттың дамуы жолында ақпарат қолжетімділік, бейтараптылық және лездік қағидалары арқылы биліктің өзге күштерімен салыстырғанда жоғары
басымдыққа ие болып саналады. Ақпараттың қолжетімді болуы арқылы қалыптасқан
«виртуалды қоғам», «әлеуметтік желі» терминдері оқырмандар арасында жаңа ортаны,
бұрынғыдан өзге аудиторияны қалыптастырды. Яғни, жекеменшік телеарна, басылым,
сайттар ғаламторды ақпаратты таратудың негізгі көзі ретінде қарай отырып, өзіндік
капиталын құрады. Ал ақпараттың қалай таралуы, оқырманға ұсынылуын қадағалайтын күш – сол капиталды басқаратын билік саналады. Мақалада саяси медиаметрияны
қолдану арқылы медиаға биліктің ықпалы мен оның нәтижесі зерттеледі. Тақырыпты
зерттеу нәтижесінде ақпараттық билік терминіне жан-жақты түсініктеме беріліп,
«әл-Жазира» телеарнасы сайтының 2015 жылғы ағылшын тіліндегі жарияланымдары
бойынша жүргізілген контент анализ арқылы медиадағы агрессия индексі анықталады

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30 - 2023-01-30 жаңартылды

Нұсқалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А. Жұматай, А., & Өзбекова, Г. (2023). Ақпараттық билік парадигмалары («Әл-Жазира» телеарнасы материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 140(3), 15–27. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-15-27 (Original work published March 30, 2022)

Журналдың саны

Бөлім

Статьи