«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» контексіндегі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жаңа трендтері


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 75

Авторлар

  • Н.П. Калашникова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д.Р. Айтмагамбетов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-12-19

Кілт сөздер:

«еститін мемлекет», сектораралық өзара іс-қимыл, азаматтық қоғам және оның институттары, форсайт, краудсорсинг

Аңдатпа

Ғылыми мақалада авторлар шетелдік тәжірибеге, азаматтық қоғамды дамытудың саяси
тәжірибелеріне, ол өтіп жатқан жаңғырту үдерістеріне сүйене отырып, Қазақстанда қоғам дамуының
түрлі салаларында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тұрғысынан мемлекет пен
азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын нығайтудағы жаңа трендтерді қарастырады. Барлық дамыған елдерде бөлу процесі ұзақ уақыт бойы жүріп келеді, сол кезде мемлекет бірқатар билік функциялары мен
өкілеттіктерінен бас тарта бастайды, оларды өз бетінше басқару шешімдерін қабылдаған азаматтарға
қайтарады. Сол арқылы қазіргі заманғы мемлекет барлық топтардың мүдделерін қорғайтынын көрсетеді. Қоғамда оң өзгерістерді күту күрт өсті. Азаматтық қоғам институттарын қолдауға қатысты мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдер олардың өсуіне, қызметін кәсібилендіруге, билік пен қоғам
арасында жаңа қоғамдық келісім қалыптастыруға ықпал етеді. Үкіметтік емес ұйымдар, тұтастай алғанда
азаматтық қоғам сектораралық өзара іс-қимылдың жаңа трендтерін қалыптастырады. Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері, әсіресе, егер оны үкіметтік емес сектор мен мемлекет арасындағы байланыс контексінде қарайтын болсақ, аса танымал. Бұл ретте Қазақстанның азаматтық қоғамы да, азаматтық қоғам
да жаһандық тұрғыдан алғанда бір-біріне қарама-қайшы құбылыс болып табылады. Жасалған қорытындылар, ұсынымдық сипаттағы бірқатар ұсыныстар «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі қағидаттары нақты нәтижелер әкелгенін және бұл процесс жаңа мазмұнмен толықтырыла отырып, дамитын
болады деп куәландырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калашникова, Н., & Айтмагамбетов, Д. . (2021). «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» контексіндегі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жаңа трендтері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 135(2), 12–19. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-12-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи