Covid-19 кезіндегі баспасөз бостандығы мәселелері


Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 206

Авторлар

  • К.О. Сак Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.Б. Рыскельдинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Абдрахманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Топлу Топлу Хаджы Байрам Вели Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-95-101

Кілт сөздер:

төтенше жағдай, пандемия, коронавирус, журналист бостандығы, сөз бостандығы, инфодемия, фейк ақпарат

Аңдатпа

2019 жыл дүниежүзін COVID-19 ауруымен дүрліктірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының шешімімен «пандемия» статусы берілген бұл аурумен күресу әлі күнге дейін жалғасуда. Қазақстан азаматтарды қорғау үшін пандемияның тез таралуына байланысты шаралар қабылдады. Бұл
шаралардың заңдылығы, сипаты және пропорционалдығы туралы аталған мақалада көрініс табады.
Қазақстан пандемияға жауап ретінде 2020 жылы 16 наурызда төтенше жағдай жариялап, азаматтардың еркін жүріп-тұруына және басқа да негізгі бостандықтарына қатаң шектеулер қойды. Карантин
кезіндегі шектеулер ақпараттың ашық әрі кедергісіз таралуына бірқатар қиындықтар туғызды. Әсіресе, журналисттердің жұмысына кедергі келтірілді. Автор редакциялық тәуелсіздік проблемасын журналистердің кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі ретінде шетелдік тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырады. Автор сөз бостандығын пандемия кезіндегі медиа нарықтың шындығын түсінуге деген нормативтік
тәсіл арасындағы қайшылықтарды талдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сак K., Рыскельдинова S., Абдрахманова A., & Топлу M. (2021). Covid-19 кезіндегі баспасөз бостандығы мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 137(4), 95–101. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-95-101

Журналдың саны

Бөлім

Статьи