Мағжан Жұмабайұлының «Педагогика» еңбегіндегі ұлттық таным
Қаралымдар: 309 / PDF жүктеулері: 1532
Кілт сөздер:
Алаш публицистикасы, ұлттық менталитет, педагогика пәні, ұлттық таным, қазақ журналистикасы, төл еңбек, ұлттық тәрбие, өзекті қағидаларАңдатпа
Мақалада Алаш арысы Мағжан Жұмабайұлының «Педагогика» еңбегін заманауи дискурстан қайта бағалау тұжырымдары талданған. Автор еңбегін қазіргі ракурстан, жаңа сұраныс туындатып отырған призмадан қарап бағамдау, ғылыми тұжырымдар жасап, жүйелеу, сол арқылы қоғам қолданысына ұсыну – мақала авторларының
басты міндеттерінің бірі. Сондай-ақ, мақалада қарастырылып отырған еңбектің жазылу алғышарттары негізделген, оны зерттеп, зерделеген ғалымдар еңбектері сараланған.
Қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешуде осы еңбектегі тұжырымдарды
ұтымды пайдалану мәселелері жүйеленген. Әлемдік ғылыми әлеуеттің талаптарына
сәйкес, М.Жұмабайұлы еңбегіндегі педагогикалық ұғымдарды қазақы менталитетке сай
пайымдау, төл мысалдармен дәйектеу шеберлігі қарастырылған. Сонымен қатар, еңбектің аударма ісі, ұлттық журналистика, тілдік қор, заманауи публицистикаға қосар
үлесіне де назар аударылған.
