Қазақстанның медиаобразы: тарихи тәжірибе және қалыптасу жолдары


Қаралымдар: 162 / PDF жүктеулері: 251

Авторлар

  • Г.Ш. Әшірбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ә.К. Абылханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-68-78

Кілт сөздер:

образ, медиаобраз, мемлекеттік образ, қоғамдық пікір, манипуляция, жырау, жыр-толғау, ұлт бейнесі, ұлт бірегейлігі, халықаралық БАҚ, ақпарат

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттің медиаобразына қатысты ғылыми тұжырымдарға
талдау жасай отырып, «мемлекет образы», «медиаобраз» ұғымдарының мәнін
айқындап көрсетеді. Медиаобраз – мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік,
психологиялық көрсеткіші. Сондықтан да қазіргідей ақпараттық соғыс, геосаяси,
аймақтық қақтығыстар ушығып тұрған кезде мемлекеттің медиаобразын жасау өте
өзекті. Осы тұрғыдан келгенде мақалада медиаобраздың тарихи негіздеріне мысалдар
келтіріп, «қаңтар оқиғасы» кезіндегі бірнеше шетелдік ақпарат агенттіктерінің
материалдары талданады. Контент талдау барысында мемлекет, президент, орын
алған оқиғаға байланысты жиі кездесетін сөздер қарастырылады. Ақпараттық
мәтіндерде жиі қолданылған сөздердің мемлекет медиобразына әсеріне, оның салдарына
мән беріп, алдағы уақытта медиакеңістіктегі ақпаратты қандай әдістер арқылы
жариялауға болады деген сұраққа нақты ұсыныс білдіреді.
Мақалада шешендік өнер, жыраулар поэзиясындағы елдің жетістігін көрсетуге
байланысты толғаулар медиаобраздың үлгісі ретінде талданады. Хандық дәуірдегі
заман шындығы жыраулар поэзиясынан айқын көрінеді. Медиаобраз жасаудағы ең басты
талап – мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру. Автор медиаобраз жасаудың
тиімді әдістеріне тоқтала отырып, әлемдік ақпарат кеңістігіндегі 100-ден астам
ақпараттық материалдарды сүзгіден өткізген. Мемлекеттің әлем алдындағы
медиаобразына контент талдаудың түрлі тәсілдеріне жүгіне отырып, автор қоғамдық
пікірге қатысты тұжырымдарын ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әшірбекова, Г., & Абылханова, Ә. . (2022). Қазақстанның медиаобразы: тарихи тәжірибе және қалыптасу жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 138(1), 68–78. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-68-78

Журналдың саны

Бөлім

Статьи