Редакция журнал сайтынан қызметтік хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуды сұрайды
Құрметті авторлар мен рецензенттер!
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы» журналының редакциясы https://buljourn.enu.kz сайтынан қызметтік хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назарыңызды аударады.
Mail Group экожүйесіне кіретін mail.ru, yandex.ru, bk.ru және т.б. пошта қызметтері тарапынан қойылған техникалық шектеулерге байланысты хаттарды жеткізуде жаппай қиындықтар туындауда:
-
хаттар мүлдем жетпейді;
-
«Спам» немесе «Жойылғандар» қатарына түседі;
-
мақала жіберу, рецензиялау және редакциялық хат-хабар алмасу кезеңдеріндегі байланыс бұзылады.
Мұның себебі – біздің журнал жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан жіберілетін автоматты хабарламаларды бұғаттайтын ресейлік пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері.
Осыған байланысты қатаң түрде ұсынамыз:
-
Платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын пайдалану (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.).
-
Балама ретінде жүйелік хабарламаларды дұрыс қабылдайтын Gmail мекенжайларын (@gmail.com) пайдалануға рұқсат етіледі.
-
@mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru мекенжайлары арқылы тіркелмеу.
Егер сіз бұрын проблемалық мекенжаймен тіркелген болсаңыз, платформадағы жеке профиліңізде электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.
Құрметпен, Журналдың редакция алқасы



