Тексерілмеген ақпаратпен күресу әдістері


Қаралымдар: 160 / PDF жүктеулері: 137

Авторлар

  • C.Ш. Тахан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • В.В. Гавриш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

фейк ньюс, инфодемия, фактчекинг, мәтіндіталдау, контентті верификациялау.

Аңдатпа

Бұл мақалада фейк жаңалықтардың қалыптасуы мен таралу процестері, жалған ақпаратқа қарсы тұру технологиялары қаралады. Материал «ақпараттық көпіршік» және «инфодемия» сияқты басқа құбылыстармен бірге ақпаратты тұтынудың заманауи моделі тұрғысынан фейк жаңалықтарды ұсынады. Мақаланың міндеті – фейк ақпаратқа қарсы күрестің маңызды құралдарын анықтау, сондай-ақ әр түрлі елдердің, ұлттық және фактчекингті кұйымдарды мысалғакелтіреотырып, осы процестерді сипаттау. Мақалада компьютерлік технологияларды, атапайтқанда, ашық мәліметтер базасы мен нейрондық желі технологиялары арқылы қолдануға негізделген фактчекинг әдістерінің процестері келтірілген. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін тікелей және жана маұсыныстарды қамтитын жаңа контенттік саясатты әзірлеудің өзектілігі жеке қарастырылады. Жана маұсыныстар жалған жаңалықтармен күресудің технологиялық жағын көрсетеді, ал тікелей ұсыныстар инфодемия заманындағы журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарының кәсіби құзыреттілігі мәселелеріне қатысты. Зерттеудің теориялық негізіне ашық дереккөздерден алынған мәліметтер, шетелдік әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, қазақстандық авторлардың ғылыми мақалалары, сондай-ақ әлемдік және жергілікті БАҚ материалдары алынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тахан S. ., & Гавриш V. (2023). Тексерілмеген ақпаратпен күресу әдістері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 142(1), 92–96. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/98

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)