Сайлау контексінде рost-truth манипуляциясы мәселелері
Қаралымдар: 135 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-108-119Кілт сөздер:
Post-truth, манипуляция, популист, эмоция, ақиқатАңдатпа
Бұл мақалада постшындық (post-truth) ұғымының мәні мен оның қазіргі саяси үдерістерге, соның ішінде сайлау процестеріне әсері кеңінен талданады. Постшындық шынайы ақпарат пен объективті деректерден гөрі эмоциялық риторика мен жеке сенімге сүйенетін қоғамдық қабылдау формасы ретінде сипатталады. Зерттеу еңбегінде постшындықтың теориялық негіздері, сондай-ақ оның саяси коммуникациядағы орнына қатысты ғылыми пікірлер талданады. Автор постшындықты медиалық манипуляция, қоғамдық пікірді бағыттау және электоралдық шешімге ықпал ету құралы ретінде қарастырады. Post-truth-дың сайлаудағы көрінісі әлемдік деңгейдегі нақты мысалдар арқылы ашылады. Атап айтқанда, АҚШ-тағы 2016 және 2020 жылдардағы президенттік сайлаулар Дональд Трамптың қатысуымен постшындық феноменінің айқын үлгісіне айналды. Трамптың кампаниясы шынайы фактілерден гөрі қысқа, есте қаларлық ұрандарға («Make America Great Again») сүйенді [1;112]. Мақалада бұдан бөлек, Қазақстандағы сайлау тәжірибесі де постшындық призмасы арқылы қарастырылады. Соңғы жылдары елімізде де әлеуметтік желілер арқылы кандидаттарға қарсы фейк ақпарат тарату, популистік ұрандарға негізделген науқандар жүргізу, БАҚ-та ақпараттың біржақты берілуі және электораттың медиасауаттылық деңгейінің төмендігі сияқты постшындық белгілері анық байқалады. Зерттеу нәтижесінде постшындық құбылысының демократиялық даму мен ашық сайлау қағидаларына төндіретін қатерлері анықталып, оған қарсы күресу жолдары ұсынылады.
