Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Ұлттық менталитет негізіндегі мәдени тележобалар: Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан тәжірибесі


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

Кілт сөздер:

арт-журналистика, өнер, цифрландыру, патриотизм, қоғамдық келісім

Аңдатпа

Орталық Азиядағы арт-журналистиканы зерттеу жаһандану және аймақтық
бірегейлікті күшейту контекстінде өзекті болып отыр, өйткені бұл жергілікті медиалық
тәжірибелердің жаһандық тенденциялармен қалай әрекеттесіп қызмет ететінін түсінуге
көмектеседі. Ғылыми жұмыстың мақсаты-заманауи арт-журналистиканың құбылыс ретіндегі
мән-мазмұнын ашу және отандық БАҚ тәжірибесінде қолдануға болатын шетелдік медианың
тиімді құралдарын анықтау әрі талдау. Мақалада өнер саласына бағытталған бұқаралық
ақпарат құралдарының ерекшелігі көрсетілген, сонымен қатар журналистика мен мәдениеттің
өзара әрекеттесу формалары қарастырылады. Нақты мысалдар мен деректер арқылы өнер
туралы телебағдарламалардың ерекшеліктерімен бағыттары нақты түсіндіріледі. Аймақтағы
өнер журналистикасының эволюциясын зерттеу үшін тарихи әдіс қолданылды, ал контенттік
талдау заманауи медиа мазмұнды жүйелі түрде бағалауға көмектесті. Зерттеу мәдени диалогты
дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатындағы практикалық құндылыққа ие және аймақтағы
ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді. Ғылыми маңыздылығы ретінде зерттеу бөлігінің
нәтижелерін әлеуметтік желілердегі арт-журналистиканы және оның мәдени мұраны сақтау
мен беруге әсер ететін функциясын зерттеуде пайдалануға болатындығымен атап өтуге болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұраш, А., Ошанова, О., & Рожков, А. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Ұлттық менталитет негізіндегі мәдени тележобалар: Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 3(148), 35–50. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/564

Most read articles by the same author(s)