Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Әлеуметтік желілердің қоғамдық санаға әсері


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 135

Авторлар

  • Гүлмира Әшірбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ақмарал Берекетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айбарша Жақсылық Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

әлеуметтік медиа, қоғамдық сана, эмоция, социология, қоғам, фактчек, ма- нипуляция, пропаганда, фейк

Аңдатпа

Әлеуметтік желілер қазіргі таңда ақпарат алмасу алаңы ғана емес, қоғамдық дискуссияға айналды. Оның нақты мысалдарын көптеп кездестіруге болады. Қазақстандағы

«экс-министрдің ісі» зорлық-зомбылыққа қарсы түрлі акциялардың ұйымдастырылуына, заңнамаға «харассмент», «сталкинг» ұғымдарын енгізуге ықпал етті. Бұдан бөлек, әлеумет- тік желідегі балалар қауіпсіздігі де елді алаңдатып отыр. Бұл мәселенің шешімі ретінде 2024 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға Мемлекет басшысының қол қоюын айтар едік. Сондай-ақ 2024 жылғы 2 наурыздан бастап, қолданысқа енген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама тура- лы» заңда инфлюенсер, блогер және ақылы материал жариялайтын барлық пайдаланушыға қатысты талап бекітілді. Аталмыш заңның қабылдануына түрлі алаяқтық әрекеттердің кеңі- нен таралуы себеп болып отыр. Танымал блогерлердің қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуының өзі мәселенің қаншалықты маңызды екенін аңғартса керек.

Саяси биліктегі түрлі жаңалықтарға байланысты талқылаудың әлеуметтік желілерде та- ралатыны белгілі. Әсіресе сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде манипуляцияның жиі қолданылуы азаматтардың дұрыс таңдау жасауына, тіпті сайлау кезіндегі шешімдерді дербес қабылдауына кері әсерін тигізуде.

Facebook, Instagram, TikTok, X (Twitter), Telegram, Whatsapp желілері ақпаратты тарату, жет- кізу, қабылдау механизіміне айналды. Әлемдік саясатта әлі күнге дейін талқыланатын «Араб көктемі», Гонконгтағы көтеріліс, нәсілшілдікке қарсы күрес және АҚШ-тағы Президент сай- лауы кезіндегі фейк ақпарат, манипуляция әлеуметтік желілер арқылы таралып, қоғамдық санаға әсер етті. Қазақстандағы «қаңтар оқиғасы» кезіндегі ақпараттық вакуумнен кейінгі әлеуметтік желілердегі посттар мен пікірлерден қоғамның саяси көңіл-күйін аңғаруға бола- ды. Әлеуметтік желілердің саяси санаға ықпалы өте зор. Оның тиімділігі мен тәуекелі де жет- кілікті. Мақалада осы мәселелерге байланысты зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әшірбекова, Г., Берекетова, А., & Жақсылық, А. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Әлеуметтік желілердің қоғамдық санаға әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 147(2), 8–24. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/494