Қызылорда облысындағы салалық басылымдардың қалыптасу тарихы
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 106
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-125-133Кілт сөздер:
өңір, салалық басылым, бәсеке, газет, тарихАңдатпа
Бүгінде қабілет-қарымы жеткілікті дәрежеде дамыған оқырман өзінің мүддесі, талғамы, мәдениеті мен білім деңгейіне сай танымдық, сараптамалық ақпарат беретін басылымды таңдайды. Кейінгі жылдары әмбебап журналистикадан гөрі салалық журналистикаға деген сұраныстың артқанын байқауымызға болады. Сондықтан да елiмiздегі, өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын осы тұрғыдан саралап, басылым оқырмандары санын көбейтудің тиімді жолдарын қарастыру да маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Автор қазіргі мерзімді басылымдардың нарығы күн өткен сайын әртүрлі бағыттағы, тақырыптағы, форматтағы, көлемдегі газеттер мен журналдармен толығып отырғандығын, осы әртүрліліктің ішінде өңірлік салалық баспасөз ерекше орын алатындығын көрсетеді. Бұл аудандар мен облыстардағы ақпараттың негізгі көзі, әлеуметтік-мәдени байланыстардың өзіндік орталығы, жергілікті халықтың өмірін үйлестіру және қоғамдық пікір қалыптастыру қызметін атқарып отырғандығы айқын көрсетіледі.
Мақалада қазіргі өңірлік салалық баспасөздің өзіндік ерекшелігі, қалыптасу, даму тарихы, функционалды мақсаты қарастырылады және Сыр өңіріндегі салалық басылымдардың бүгінгі бет-бейнесі айқындалып, талдау жасалады. Өңірлік баспасөз мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркею жолында үлкен роль атқаратындығы мысалдар арқылы көрсетіледі.
Мақала автор мерзімді баспасөз күрделі трансформация кезеңін бастан өткеруде екендігін негізге ала отырып, өңірлік салалық басылымдар өз қызметін тиімді жүзеге асыру үшін тек шындықты көрсетуден және ақпараттық өнімнің сапасын арттырудан басқа, аймақтық оқырмандардың азаматтық белсенділігін ынталандыру қажет деген тұжырым жасайды