Деректі фильм теориясын оқытудағы Америка тәжірибесі


Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 131

Авторлар

  • А. К. Сәдібеков Нью-Йорк Киноакадемиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-83-95

Кілт сөздер:

деректі фильм теориясы, түрлері, тарихы, АҚШ кинематографтары

Аңдатпа

Телевизиялық журналистика жанрларының бірі - деректі фильм. Деректі кино өнерінің тарихы да кино өндірісімен қатар дамып келеді. XІХ ғасырдың екінші жартысында өз дамуын бастаған киноөнерінің бұл жанры Еуропа, КСРО, АҚШ жерінен бастау алады. Қазіргі таңда деректі фильм үлкен даңғылға түскен телевизия жанры. Алғашқы жылдары деректі кино болып қана аталған жанр, қазіргі таңда өз ішінен түрі мен мазмұнына, хроносы мен дерегіне, мақсаты мен мүддесіне орай бірнеше түрге бөлініп жүр. Бұл заңдылық. Мақалада АҚШ тәжірибесіндегі деректі фильмнің теориясын зерделеуге ден қойылады. Қазіргі таңда әлемнің ең дамыған мемлекеті ретінде АҚШ журналистикасы көшбасшы. Мақаламызда Американдық журналистерді даярлауда, деректі фильм теориясын оқыту тәжірибесіне шолу жасалады. Деректі фильмнің жіктелуі мен мазмұндық түрленуінің негізгі 6 түріне тоқталып, оларды жеке-жеке талдауға тырысамыз. Сонымен қатар, АҚШ деректі кино өнерінің даму тарихына әлемдік киногерлердің шығармашылық байланыстарымен қабыстыра  шолу жасалады. Зерттеу барысында Американдық танымалы киногерлердің өнері мен шығармашылығымен танысып, талдауға ден қойылды. Олардың қатарында Роберт Флаэрти (Robert Joseph Flaherty), Томас Эдисонның (Thomas Edison), Марк Динтенфасс (Mark Dintenfass), Гас Беккер (Gus Becker), Ричард Косцарский (Richard Koszarski), Джон Грирсон (John Grierson), Маргарет Бурк-Уайт (Margaret Bourke-White), Ральф Штайнер (Ralph Steiner) және т.б. киногерлер бар.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-19

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәдібеков, А. К. . (2024). Деректі фильм теориясын оқытудағы Америка тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 145(4), 83–95. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-83-95

Журналдың саны

Бөлім

Статьи