Заманауи журналистиканың жаңа үрдістері


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 121

Авторлар

  • М.С. Жетпісбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.Б. Кутпанбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.А. Мусаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-62-72

Кілт сөздер:

жаңа медиа, тенденциялар, жасанды интеллект, медиа индустриясы, брендинг, интернет журналистика, жаһандық дәуірлеу

Аңдатпа

Жаңа медиа құрылғаннан бері аталмыш сала өзектілігін жоғалтпай, керісінше зерттеу объектісі ретінде сұранысқа ие болып келеді. Бұған себеп, бұқаралық ақпарат құралының өзіндік функцияларымен қатар, руханият әлемінің дамуына  елеулі  үлесі бар. Жаңа тенденция  интерактивтілікті, икемділікті, жылдамдықты, аудиторияның бөлшектенуін және оның ішіндегі көптеген орталардың конвергенциясын қалыптастырады. Әлеуметтік және интеллектуалды кеңістіктер арқылы виртуалды қозғалу, кибернетикалық мәдениеттің пайда болуы және білімді құру мен таратудың шексіздігі арта түсті.  Бұл жеке және бұқаралық коммуникация құралы болуы мүмкін.

Аталмыш мақаланың зерттеу тақырыбы интернет-журналистиканың және жаңа медиа журналистикамен байланысын зерттеу, динамикалық ортаның дәстүрлі журналистикаға деген ықпалы және мамандықтың жаңа белгілерін жасау процесі болып табылады. Журналистиканың осы түріне қатысты объективтілік құбылысы талқыланады. Заманауи журналистиканың жаңа да соны тенденциялары жан-жақты талдау, саралау әдістері арқылы толық зерттеліп, жаһандық дәуірлеу заманындағы ақпараттар ағымын басқаратын заманауи журналистиканың жаңа әдістері қарастырылады.

Сонымен қатар, заманауи журналистиканың тенденцияларын зерттеу барысында бизнес стратегияларына, жаңа бизнес модельдерін құруға, маркетинг пен брендинг стратегияларына басты назар аударылады. Мәселен, Жапониядағы пікірталастар медиа индустриядағы «ішкі әңгіме» болғанымен, Батыс елдеріндегі интернет, журналистика және демократиялық қоғам арасындағы байланыс туралы көптеген қызықты сауалнамалар мен зерттеулер жүргізіліп келеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарындағы коммерциялық емес әлеуметтік зерттеулер ұйымы Pew Research Center Интернеттің журналистика мен қоғамға әсерін 10 жылдан астам зерттеп келеді. Нәтижесінде «Pew Internet & American Life Project» зерттеу орталықтарында көптеген мәліметтер жинақталды және оларды қолдану арқылы кең пікірталастар мен зерттеулер өрбіді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-19

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жетпісбаева, М., Кутпанбаева, Ж., & Мусаева , Б. . (2024). Заманауи журналистиканың жаңа үрдістері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 145(4), 62–72. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-62-72

Журналдың саны

Бөлім

Статьи