Ақпарат агенттіктері: контент сапасы мен мақсатты аудитория
Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 190
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-14-26Кілт сөздер:
ақпарат агенттіктері, үгіт-насихат, фрейминг, дереккөздер, этикалық қағидаларАңдатпа
Қазіргі таңда ақпарат агенттіктері жалған ақпарат таралуымен күресте белсенді ойыншылардың қатарында. Маңызды деген кез-келген жаңалыққа қатысты сенімді деректерді негізгі жергілікті немесе шетелдік ақпарат агенттік материалынан табуға болады. Мұның себебін ақпарат агенттіктеріне жүктелген кәсіби және этикалық жауапкершілікпен түсіндіруге болады: олар тек өздерінің тікелей, көп жағдайда медиа өкілдері болып табылатын аудиториясына ғана емес, сол медиа өкілдері аудиториясының алдында да жауапты.
Дегенмен, бұл ретте ақпарат агенттіктері де өз қызметін меншік иесінің ұстанымы мен саясатына байланысты жүргізеді деген ой-пікір қызығушылық тудырады. Мақалада осы ой-пікірге қатысты талдау жүргізілді, жалпы ақпараттық агенттіктерінің қазіргі кездегі қызметінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеудің нәтижелері берілді.
Зерттеудің негізгі объектісі – мемлекеттік ҚазАқпарат агенттігі, дегенмен, салыстырмалы сараптама үшін жеке меншік Интерфакс-Казахстан мен шетелдік, нидерландылық ANP агенттіктерінің қызметіне де шолу жасалды, аталмыш агенттіктердің редакторларына сауалдар жолданып, жауаптары сараланды.
Мемлекеттік, үгіт-насихат жүргізеді деген тұжырымды тексеру мақсатында агенттіктердің қазіргі қызметіне, аудиториясы мен қамтитын тақырыптарына шолу жасалып, нақты материалдары талданды.
Аудиторияның ақпаратты қабылдауына тек агенттіктер қолданатын дереккөздер ғана емес, журналист пен редактор қызметі мен шешімдері де ықпал етеді деген тұжырымды тексеру мақсатында нақты материалдар (ҚазАқпарат, Рейтерс жариялаған) негізінде фрейминг ұғымына талдау жасалды.
Агенттіктердің қызметін, контентін саралау олардың қазіргі құбылмалы ақпарат, медиа нарығындағы жағдайға қалай бейімделіп жатқанын түсінуге де септігін тигізеді.