Медиасауаттылықтың экстремалды жағдайларды жазудағы маңызы
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 89
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-8-13Кілт сөздер:
журналистика, қоғамдық сана, ақпарат, медиабілім, медиасауаттылық, экстремалды жағдай, төтенше жағдай ошағыАңдатпа
Мақала әлеуметтік ғылымдарға, соның ішінде жаңа медиа және экстремалды жағдайлардағы медиасауаттылық саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Қоғамдық сана-сезімнің қатаң бақылауындағы сәттердің бірі әрі маңыздысы балалар екені, сондықтан кез келген экстремалды жағдайдағы ақпаратты жаңа медиа арқылы тарату барысында балалар мен жасөспірімдерге қалай әсер ететінін ескеру керектігі айтылды. Яғни, медиасауаттылықты қалыптастыру мәдениетті қоғамды құру деп тұжырымдаған. Автор, еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайлар мен экстремалды оқиғалардың қоғамдық санаға қалай ықпал ететінін ғылыми тұрғыда, нақты өмірлік фактілерді келтіре отырып сараптаған. Медиакеңістіктің қызметтері мен қарым-қатынастары (механикалық, физикалық немесе өзге де желі бойында жүзеге асатын байланыс және тағы басқалары) талқыланды. Сондай-ақ, бүкіл қоғамға қызмет ететін спецификалық миссиясы бар мамандық иесі ретінде журналистің жаңа медианы игеру барысындағы мәдениеті де назардан тыс қалмады. Экстремалды жағдай кезінде тараған ақпараттардың әртүрлі болатынын, тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы ақпараттарда сәйкессіздік кездесетіні ескерілді. Экстремалды жағдайлардағы ақпараттардың қоғамдық санаға ықпалына өзінше баға берілді.