Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің мән-маңызын арттырудағы қызметі


Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 349

Авторлар

  • Г.Қ. Ертасова Л.Н. Гумилев атындағы Еұразиялық ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • Қ.Ө. Сақ Л.Н. Гумилев атындағы Еұразиялық ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-63-70

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: ұлт, ұстаз, Байтұрсынов, алаш, Алаш қайраткерлері, газет, көсемсөз.

Аңдатпа

Аңдатпа. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллектуалдық күштерінің ұлттық баспасөз төңірегіне тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туған еді. Олардың жұмылып жұдырық болуына, қосылып күш біріктіріп іс-әрекет жасауына итермелеген қазақ елін
жайлаған әділетсіздік пен адам төзгісіз саяси-әлеуметтік ауыр хал болатын. Осындай
алмағайып заманда ұлтық ой-сананың өркендеуі мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп,
соны серпіліс туғызған дара да, дана тұлғаның бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы.
Ел арасында азаматтық үні қалыптасып, қайраткерлік қыры ашыла бастаған Ахаңның алдында Алаш үшін адал қызмет етуге міндеттейтін үлкен даңғыл жол жатты.
Ресейлік ақ патшаның тағы шайқалып, дәурені аяқталар алмағайып заманда Ахаң
мұғалімдік жұмысын уақытша тоқтатып, журналистиканы таңдауына тура келді.
Осылайша қазақ баспасөзі арқылы елдің рухын оятып, отарлық езгіден біржолата арашалап қалудың қамына кірісті. Бастапқыда таңдау жасау оңайға түскенімен саяси көзқарасы үшін жендеттер мен жандайшаптардың қырына тез ілікті. Бірақ Ахмет Байтұрсынұлы ұлт жолында аянып қалмады. Кері шегінсе өзін-өзі кешірмесі анық еді. Алаш
қайраткері қазақтың сауатын ашып, білімін толықтырумен бірге баспасөз арқылы
ақпараттық-танымдық материалдар ұсынып, ел ішіндегі күйіп тұрған мәселелерді бүге-шігесіне дейін талдауды алдына міндет етіп қойды.
Ахаң XX ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған көркем-публицистикалық мақалаларында патшалық отарлық жүйенің озбырлығы мен жүгенсіздік әрекеттерін, жер, адамдық құқық мәселелеріндегі, елдік тұрғыдағы
ұлы державалық шовинистік саясатын әшкерелеп, халықты қараңғылық шырмауынан
босап, оқу-білімге ұмтылуға, отаршылдық езгізге қарсы жұмылып, елдікке шақырды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ертасова, Г., & Сақ, Қ. (2022). Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің мән-маңызын арттырудағы қызметі. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 140(3), 63–70. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-63-70

Журналдың саны

Бөлім

Статьи