Спорт журналистерін кәсіби деңгейде дайындау мәселелері
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 49
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-128-3-14-21Кілт сөздер:
Sport, Desport, денешынықтыру, спорт, журналистика, спорт журналистикасы, Ресейдегі спорт журналистикасы, Қазақстандағы спорт журналистикасыАңдатпа
Мақалада қазақ спорт журналистикасының тарихы зерделеніп, оның шығу тарихы мен белгілі спорт комментаторларының сөз саптау шеберлігі талданады. Мақалада «спорт
комментаторлығы» мен «спорт», «спорт журналистикасы», «қазақ спорт журналистикасы» деген
ұғым-танымдардың қазақ санасына сіңісуі мен дағдылануы қарастырылады. «Спорт» пен «Спорт
журналистикасы» ұғымдары КСРО секілді алып елдің құрамына енген жылдары мәлім болды.
Патшалық Ресей тұсында орыстан - Иван Поддубный, қазақтан - Қажымұқан Мұңайтпасов
әлемдік аренада өнер көрсеткені тарихи шындық.
Ресей спорт комментаторлығын 1900 жылдары Санкт-Петерборда пайда болған «Маяк»
Бүкіләлемдік христиан жас адамдар (жастар емес, жас адамдар) одағымен байланыстырады. Оны
құрушы – америкалық Джемс Стокс. Бұл ұйым Кеңес одағы құрылғанша өмір сүрген. Оның негізгі
мақсаты – жастарды дене мәдениетіне тәрбиелеу болды. Қазақ жұртшылығына Кеңес одағы қалыптасып, социализм идеясының кең таралуымен келгендігі қарастырылған.
Спорт журналистикасы терминінің Ресейде «Советский спорт», «Физкультура и спорт», Қазақстанда екі тілде шығатын «Спорт» басылымдарның дүниеге келімен орныққаны анық. Авторлар
осы мақаласында қазақ спорт журналистикасының даму барысы, проблемалары, болашағы төңірегінде ой қозғайды.