Қазақстан мен Украинадағы ашаршылық зардаптарының мерзімді баспасөздегі көрінісі: салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • R.A. Шакуова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-40-45

Кілт сөздер:

ашаршылық, Голодомор, ұжымдастыру, ұлт зиялылары, геноцид

Аңдатпа

Тарихтағы қасіретке толы ұмтылмас оқиғалардың бірі – Кеңес Одағының құрамына кіретін
елдер арасында 1929-1933 жылдары болған қолдан жасалған ашаршылық. Коммунистік партияның қазақ халқын отырықшы өмірге көшіру және күштеп ұжымдастыру туралы шешімінің нәтижесінде ел
ашаршылыққа ұшырап, халық жаппай қырыла бастады. Мал-мүлкінен айырылып, ішер ас-сусыз қалған
халық небір жан түршігерлік оқиғаларды бастан кешірді. Дәл осындай нәубет күндер Украина халқын
да айналып өтпеді. Тәуелсіздігін қатар алған қос мемлекет сол бір зұлмат жылдардың құпияларын ақтарып, өз ақиқаттарын жариялауда. 2006 жылы Украин Радасы 1929-1933 жылдары болған ашаршылықты
халқына қасақана жасалған қастандық екенін айтып, «геноцид» деп жариялады. Ғалымдар ел халқы
мен мүлкіне келген шығын мен тарихи шындықты дәлелдеу үшін жан-жақты ізденіп жатыр. Қазақстан
тарапы да тәуелсіздік алған тұстан бастап, нәубет жылдардың тигізген қасіретін анықтауда. Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бір жылдардың ақ-қарасын анықтап, тарихи әділдікті орнату үшін
арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Мұндай шараның барлығы егеменді еліміздің тарихы
өскелең ұрпаққа бұрмаланбай жетуіне, ақтаңдақ жылдары қасірет көрген жандардың рухына тағызым
ету мақсатында, сонымен қатар, жазықсыз саяси қуғын-сүргін құрбаны болған ұлт зиялыларының ақталуына септігін тигізбек. Бұл мақалада Кеңес Одағы тұсында ашаршылықтан ең көп зардап шеккен Қазақстан мен Украина елдеріндегі нәубет жылдардың қасіреті жайында айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шакуова R. . (2020). Қазақстан мен Украинадағы ашаршылық зардаптарының мерзімді баспасөздегі көрінісі: салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 132(3), 40–45. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-40-45

Журналдың саны

Бөлім

Статьи