Қазақстандағы фактчек құбылысы (“Factcheck.kz” сайтының материалдары негізінде)


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 310

Авторлар

  • Ж.Д. Сейтжанова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  • Ж.Б. Сұлтанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-71-79

Кілт сөздер:

фактчек, ғаламтор, дезинформация, манипуляция, медиасауаттылық

Аңдатпа

Ғаламтордың күн өткен сайын қарқынды дамуы ақпаратты лезде алу мүмкіндігін арттыра түсумен қатар оқырман, көрермен, аудитория, желіні пайдаланушы
арасында жаңа бір қиындықтарды туғызғаны жасырын емес.
Сансыз ағылып жатқан ақпарат легіне тойтарыс беруге қарапайым тұлға дәрменсіз боларлық халге жетті. Эфирден, әлеуметтік желіден, ұялы телефоннан бізге “тықпалап”
жатқан ақпараттың қаншалықты шындыққа сай екендігін ажырату күннен -күнге қиындай түсуде. Тіпті, белгілі бір дәрежеде интеллектуалды сауаттылығы жоғары
адамдардың өзіне шынайы және жалған, “аз ғана өтірік қосылған”, “аздап ғана бұрмаланған”, “ негізгі фактінің маңыздылығы екінші дәрежелі ақпараттың арасына жасырылып берілген”, яғни, “қиюы келістіріліп, құрастырылып” ұсынылған ақпараттың
ақиқат-жалған екендігін ажырату қиындап барады.
Мақалада жалпы фактчек жүргізудің жолдары көрсетілген. Авторлар фактчек құбылысының пайда болу тарихына тоқтала келе, елімізде осы бағыттағы жұмысты
алғашқылардың бірі болып бастап берген “Factcheck.kz” іспетті нақты медиаресурс
арқылы фактчектің практика жүзінде іске асырылуын саралайды. Бұқаралық аудитория арасында медиасауаттылықты қалыптастыру және ақпаратқа сыни талдау
қажеттілігінің өзектілігі атап өтіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сейтжанова, Ж. ., & Сұлтанова, Ж. . (2021). Қазақстандағы фактчек құбылысы (“Factcheck.kz” сайтының материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 137(4), 71–79. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-71-79

Журналдың саны

Бөлім

Статьи